Ғалымдар еңбектерін инвесторларға таныстырды

Түйе сүтінен өнім жасау. Қауын сұрыптарын кептіру. Күкірт негізінде өсімдік өсіру. Осы және өзге де жобаларды бүгін қазақстандық ғалымдар елордада өткен технологиялар питчингінде таныстырды. Небәрі 3 минут ішінде 11 ғалым өнімнің кәсіпкерлер үшін маңыздылығын айтып, инвестиция тартты. Ғылым апталығындағы бірегей жобалар мен шаралар жайлы тілшіміз Аружан Серік айтып береді.Отандық ғылым апталығы қарсаңында елордада «Технологияларды коммерцияландыру реакторы» диалог алаңы өтті. Шараға еліміздің түкпір-түкпірінен келген ғалымдар өз жобаларын таныстырды. Құрманғазы ОМАРОВ, «ҒЫЛЫМ ҚОРЫ» АҚ ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ЖАҢА ЖОБАЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Қазақстандағы ғылым саласын қарқынды түрде дамып келе жатыр деп толық айта аламыз. Оны біз Ғылым қоры есебінде жаңа, сапалы жобалар түрінде көрудеміз. Былтыр біздің конкурс аясында бізге 152 өтінім келіп түсті. Оның 72-сі гранттық қаржыландыруға өтті. Аружан СЕРІК, ТІЛШІ: Жиын басталды. Қатысушылар ғылыми жобаларын таныстырып жатыр. Жобаның мақсатын, міндеті мен ерекшелігін толық айту үшін әрқайсысына үш-ақ минут беріледі. Бұл бір жарнама секілді. Себебі кәсіпкерлерді қызықтырған жағдайда олар өзара мәміле жасасып, жоба инвестицияланады. Ғалымдардың жобалары мұнай, энергетика, тамақ өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы салаларын қамтиды. Мәселен, Түркістанда 400 гектардан астам алма бағы бар кәсіпкер функционалдық қасиеттері бар жеміс-көкөніс шырындары атты жобаға қызыққанын айтады. Қаржыландыруға да дайын. Қыдырәлі ЖҮНІСОВ, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР: Жемістерді қайта өңдеу, джем, соктар әртүрлі шығарып жатыр екен. Бізге өте ұнады. Біз солармен әріптестік құрып, бірге жұмыс істеуге, яғни, өз тарапымыздан ақша құюға біз дайынбыз. Белгіленген жоба құнының 30% -ы деп отырмыз. Біз ойлап отырмыз, 60-70 млн деп. Ал бұл – 30 жыл ғылым қуған София Сағындықованың «SofMaya» сусыны. Аты да ерекше. Өмірден өткен ғылыми жетекшісі, академик Майя Шығаеваның құрметіне қойыпты. София САҒЫНДЫҚОВА, БИОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ: Түйе сүтіне біз сүт қышқылының бактериясы пробиотиктерді қосамыз. Ашытамыз. Содан кейін барып қызылша шырынын бөлек сұйылтып, ферментациялап, сосын екеуін біріктіріп қосамыз. Себебі түйе сүтінің құрамында қант жоқ. Одан бөлек, қауынды кептірген, инновациялық макорон өнімін өндірген, күкірт нанобөлшектері арқылы өсімдік өсірген ғалымдардың жобасы – отандық ғылымның қарқынды дамуына бірден-бір дәлел. Конкурстың нәтижесі бойынша алты жоба 500 миллион теңгеге инвестицияланады. Камиль АҚАТОВ, ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ВИЦЕ-МИНИСТРІ: Мұндай пичтар ғылым қуған азаматтар мен бизнес өкілдерінің кездесуіне, өзара байланыс орнатуына көмектеседі деп ойлаймын. Жобаларды коммерцияландыру үшін бизнестің бірлескен қаржыландыруы да қажет. Жас ғалымдарға да қолдау бар. Олар тың идеяларын мемлекет бөлетін гранттардың көмегімен жүзеге асыра алады. Бұл жүйе "зертханадан нарыққа дейін" атты формуласы арқылы жұмыс істейді. Осындай грантты иеленген Аяулым Нұрғожина өз командасымен қазір бүкіл ел бойынша белсенді сатылып жатқан төрт жоба жасаған. Ең соңғысы денені тотықтырғыштардан босататын биологиялық қоспаларға арналған. Аяулым НҰРҒОЖИНА, ҒАЛЫМ: Қазіргі таңда біздің өнім Қазақстан бойынша түрлі дәріханаларда сатылады. Ал осы аптада Сауд Арабиясында сертификациялау жұмыстары жүріп жатыр. Яғни, болашақта бұл өнім тек Қазақстанда емес, өзге шет елдерде сатылатын болады. Елімізде ғалымдарға арналған түрлі бағдарламалар бар. Солардың бірі -"500 жас ғалым" жобасы. Өнертапқыштар шетелдік ғылыми ұйымдарда тәжірибе жинақтай алады. Ал ол отандық өнімнің танылуына үлес қоспақ.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстан-Қытай шекарасының жұмысы тоқтатылады
Мәжіліс төрағасы Ресей федерация кеңесінің төрайымымен кездесті
Ол кісіге ғашық та болмағанмын: Мақпал Жүнісова марқұм күйеуі туралы шындықты айтты
Қазақстан-Қытай шекарасының жұмысы тоқтатылады
Еліміздің 16 өңіріне дауылды ескерту жасалды
«Америка дауысының» жетекшісі өзгерді, оның Қазақ радиосына қандай қатысы бар?
Перизат Қайраттың қымбат мүліктері бұғатталды
Биыл қазақстандықтар емханаға 103 млн рет жүгінген
Шымкентте 50 жастағы ер адам бір жыл бұрын үйленген келіншегін буындырып өлтірді
Перизат Қайраттың элиталық пәтерлері, қымбат көліктері бұғатталды
Перизат Қайраттың қымбат әшекей бұйымдары тәркіленді
Тәуелсіздік күні мен Жаңа жылға орай қосымша рейстер іске қосылады
Алматы облысындағы зауытта жұмысшының аяғы рельстің астында қалып қойған
Мереке күндері қосымша теміржол пойыздары мен әуе рейстері іске қосылады
Су дипломатиясы: көршілермен ынтымақтастық және халықаралық бастамалар қандай
Синоптиктер Алматы тұрғындарына ескерту жасады
"Tasqyn": Су тасқынын болжайтын ақпараттық жүйе әзірленіп жатыр
Атырауда үйдің ауласынан еркек пен әйелдің денесі табылды
Елімізде су инфрақұрылымын жаңғырту қалай жүргізіледі
Қазақстанда дәрі-дәрмек қымбаттады
Аса ірі көлемде есірткі таратқан қарағандылық сотталды
Өзбекстандық тістеп алған: аппеляциялық шағымнан кейін қазақстандық боксшы Азия чемпионы деп танылды
Ер адамдар бұлшықет өсіру үшін алатын екпелер денсаулыққа зиян емес пе?
Көктайғақ, тұман: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды