Ғалымдар коронавирустың түрлі деңгейінен, соның ішінде белсендігі әлі белгісіз түрлерінен қорғауға қабілетті вакцина жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Guardian порталына сілтеме жасап хабарлайды. Кембридж және Оксфорд университеттері мен Калифорния технологиялық институты қатысқан коронавирустың барлық түріне қарсы эксперименттік вакцина жасау жұмысы “Nature nanotechnology” журналында жарияланды.Тышқандарда сыналған эксперименттік вакцина "проактивті вакцинология" бағытындағы жүйеге серпіліс әкелді. Себебі бұрын вакцина вирус пайда болғанға дейін әзірленсе, ал бұл зерттеуде ол әлі белгісіз вирустарға да қарсы қолданылады деп топшыланды.Бұл вакцина әртүрлі зиянсыз ақуыздарды коронавирустың миниатюралық нанобөлшектерімен қосу арқылы жасалады. Олар вирустармен күресу үшін ағзаның қорғанысын ынталандыру үшін денеге енгізіледі."Тауға шығу, көгершіннің сорпасы мен есектің сүтін ішу": Қазақстандықтар қазіргі кезде өршіп тұрған көкжөтел ауруымен қалай күрескендерін айтып берді"Өлекселер жатқан суда инфекция болады": Қазақстандық эпидемиолог су тасқыны болған кезде қандай ауру тарайтынын түсіндірдіОсылайша, вакцина иммундық жүйені коронавирустың көптеген түрлеріне қарсы тұруға үйретеді. Яғни ағзаны кеңірек қорғауды қамтамасыз етіп, белгілі немесе әлі белгісіз вирустарға қарсы тиімді жұмыс істейді.Тышқандарға жүргізілген сынақтарда вакцинаның коронавирусқа, соның ішінде 2003 жылғы өршіген SARS-Cov-1 қоздырғышына қарсы кең иммундық әрекет еткенін көрсетті. Егер вакцина адамдар үшін қауіпсіз және тиімді деп танылса, оны күшейткіш доза ретінде пайдалану болады. Вакцина басқа да коронавирус түрлерінен қорғайды.