Ғалымдар қысқа уақыттың ішінде мас тышқандардың есін жиғызды

АҚШ-тағы Техас университетінің ғалымдары бір ғана инъекция арқылы интоксикацияны жоюдың амалын іздеудің нәтижесінде қысқа уақыттың ішінде тышқандардағы мастықтың уытын қайтарудың жолын тапты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Зерттеушілер жуырда мас тышқандардың есін жиғызған препарат ойлап тапты. Аталған препарат фибробласт өсу факторы гормоны - 21 (FGF21)-ді қолдана отырып жасалған. Ғалымдар бұл препарат болашақта адамдардағы интоксикацияны жоюға көмектеседі деген болжам жасап отыр.FGF21 гормоны ағзадағы алкогольдің мөлшерін азайтуға септігін тигізбесе де, ұйқылы күй мен бас айналуы сияқты кейбір интоксикацияның салдарын жойып, мидың сергектігін арттыруы ықтимал дейді зерттеушілер. Адамның да, тышқанның да ағзадағы бауыры бұл гормонды өндіреді. Осы орайда ғалымдар болашақта сатылымға шығуы мүмкін жаңа препарат адамға да мастықтың уытын қайтаруда оң әсер береді деген пікірде. "Бауыр тек алкогольдің метаболизміне қатысып қоймай, интоксикацияның жағымсыз әсерінен, оның ішінде бас ауруы мен координацияның бұзылуынан қорғайтын гормоналды сигналды миға жіберетінін анықтадық. Осылайша FGF21 мөлшерін инъекция арқылы көбейтіп, интоксикациядан арылу үдерісін жылдамдата алатынымызды көрсеттік. FGF21 мұны қырағылық сезімін басқаратын мидың ерекше бөлігінің жұмысын арттыру арқылы жасайды", — деді Техас университетінің молекулалық биологы Стивен Кливер.Бұған дейін FGF21-дің ағзада көптеп бөліну себептерінің бірі алкогольдің ингредиенті болып табылатын этанолды тұтыну болуы мүмкін екені анықталған болатын. Бұл ағзаның интоксикациядан қорғануға тырысуының бір жолы: аталған гормон шөлдеу сезімін тудырып, нәтижесінде интоксикацияға ұшыраған адам көптеп су ішуге талпынады және этанолды одан әрі тұтынуға деген ұмтылысты бәсеңдейді.Жаңа зерттеуде ғалымдар ағзасында табиғи түрде FGF21 бөлінбейтін тышқандарға этанол берген кезде оларға дене координациясы мен рефлекстерін қалпына келтіру үшін ұзағырақ уақыт қажет екенін анықтады. Ал ағзасында FGF21-ді табиғи түрде бөлінетін тышқандарға этанол бергенде олар мастықтың уытынан тезірек арылған. Зерттеу барысында FGF21 гормонының тағы бір ерекше әсері анықталды, нақтырақ айтсақ, бұл гормон мидың locus coeruleus атты белгілі бір аймағына әсер ететін болып шықты. Мидың аталған аймағы сергектік пен ұйқыдан ояну процесін реттейтін нейротрансмиттер және норадреналин атты химиялық элементтердің бөлінуіне жауап береді."Зерттеуімізге сенсек, FGF21 гормоны көбіне миға әсер етеді. Біз қазір FGF21 сергектікке әсер ететін нейрон жолдарын жіті зерттеудеміз", — деп мәлімдеді Техас университетінің фармакологы Дэвид Мангелсдорф. Алайда FGF21 гормоны зерттеу барысында кетаминмен, диазепаммен немесе пентобарбиталмен бірге сынақтан өткен кезде бірдей нәтиже берген жоқ. Яғни бұл FGF21 этанолмен жақсы күресе алатынын көрсетеді. Ғалымдардың пайымынша, тышқандар ашыған жемістерді не құрамында этанол бар өзге тағамдарды жиі жегендіктен, FGF21 гормоны дамып, бауыры ішімдікпен күресуге дағдыланған болуы керек. "Зерттеу нәтижесі FGF21 гормонының бауырдан бөлініп миға әсер етуі этанолдың салдарынан туындайтын интоксикациядан қорғану үшін туындаған үдеріс екенін көрсетті. Яғни бұны ішімдіктен улану кезінде фармацевтикалық емдеуде қолдануға болады деген сөз", — деп қорытындылады зерттеушілер.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Александр Усик 2024 жылдық үздік боксшысы атанды
Табысты адамдар 2025 жылы не істеу керегін айтты
2025 жылдан бастап кімдердің мобильді аударымдары қадағаланады?
Терроризмді насихаттаған әрі есірткіні заңсыз пайдаланған Алматы тұрғыны сотталды
Бірер күн бұрын ШЫҰ Бас хатшысы қызметіне кіріскен Нұрлан Ермекбаев Президенттің қабылдауында болды
Алматыда IT-экожүйені дамытуға 10 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылды
Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесі жаңғыртылуда
Оңтүстік Корея ресми түрде "ең қарт қоғам" санатына енді
Астана маңында орын алған ЖКО-дан 86 адам,оның ішінде 14 бала құтқарылды
Астанада және Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жарияланды
Елордада автокөлік ұрлаған адам ұсталды
Қазақстанда алдағы үш күнде қар жауып, күн суытады
2025 жылдың бірінші күні елімізде 9 егіз дүниеге келді
Қаңтардағы ҰБТ қай күндері өтеді?
"Лас, қауіпті және еш сиқыр жоқ": Асаубаеваның Нью-Йорктен көңілі қалды
Қар аралас жауын, көктайғақ: 4-6 қаңтар аралығындағы ауа райы болжамы жарияланды
1 қаңтардан бастап некеге тұрмас бұрын генетикалық тест тапсыру міндеттелді
Қазақстанда жер сілкінісі тіркелді
Ернар Айдар әкесі туралы жантебірентер жазба жариялады
Жетісу облысында ТЖМ қызметкерлері қар құрсауынан 11 адамды құтқарды
Жаңбыр және қар: Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?
«Қызғаншақ ене болуым мүмкін»: Ләйлә Сұлтанқызы ұлы туралы айтты
Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысын қабылдады
Қазақстан аумағында жер сілкінісі тіркелді