Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринариялық институтының ғалымдары сиыр сүтінен тарайтын жұқпалы бактериялар мен бруцеллез ауруын анықтайтын құрылғы-тест ойлап тапты. Оны пайдалану өте оңай, шаруалар өздері-ақ ауруды 1-2 сағатта анықтай алады.Бахытжамал ИСАҚҰЛОВА, ҚАЗАҚ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ ЗЕРТХАНАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ: Алдынғы жылы батыста малдар қырылды ғой, сол кезде біздің институттың ғылыми қызметкерлері барып зерттеу жүргіздік. Біздің жұмысымыз жануарлардың ауруларын алдын алу, ол деген вакциянация, емдеу және балау. Балау -ол диагностический тест наборларды шығару. Алматыда агроөнеркәсіп саласындағы ғылыми-техникалық зерттеулердің озық нәтижелеріне арналған көрмеде мұнан өзге де жобалар көпшілік назарына ұсынылды. Агроөнеркәсіп саласындағы жаңашылдықтар мен жоғары технологиялық өнімді ілгерілету бойынша ғылыми қызмет нәтижелері паш етілді. Шараның мақсаты- ғалымдардың зерттеулерін өндіріске енгізу және өзара тәжірибе алмасу. Серік КЕНЕНБАЕВ, «ҒЫЛЫМ ҚОРЫ» АҚ СТРАТЕГИЯ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Қазір ғылымда көптеген нәтижелер бар, әрине ол нәтижелер мына өндіріске жетіңкіремей жатыр. Бүгінгі тақырып та сол, ғылыми жетістіктерді коммерцияландыру. Былайша айтқан кезде оны өндіріске енгізу. Расында да әр салада егіншілік саласында да, болмаса мынау өсімдік қорғау саласы, болмаса инженерлік сала дейміз, барлық салаларда біздің ғалымдардың нәтижелері бар.