Жамбылдық Ғалымжан Қырықбай «Қазақстан барысы-2023» турнирінің жеңімпазы атанды. Қатардағы жауынгерді Қорғаныс министрі құттықтап, толағай табыс тіледі. Астана күніне орай "Қазақстан барысы" турнирі 12-ші жалауы желбіреді. Биыл қазақ күресінен өткізілген боз кілем бәсекесіне 41 палуан қатысты. Оның екеуі "әскер барысы" турнирінің жүлдегерлері Ғалымжан Қырықбай мен Марат Байқамұров қатысты. Екеуі де жартылай финалға дейін жетті. Ақтық сын жолдамасын өзара сарапқа салды. Ғалымжан Қырықбайдың жолы болып, финалда Маңғыстау барысы Нұрдәулет Жарылғаповпен белдесті. Негізгі уақытта қарсыластар бір-бірінен айласын асыра алмады. Қоян-қолтық сайыста Ғалымжанның мерейі үстем болды. Турнирдің бас жүлдесі мен 25 млн теңгені иеленді.Ғалымжан ҚЫРЫҚБАЙ, "ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ - 2023" ЖЕҢІМПАЗЫ, ҚР ҚМ ОРТАЛЫҚ СПОРТ КЛУБЫНЫҢ ЖАУЫНГЕРІ:Бүгін ҚР Қорғаныс министрінің қабылдауында болдым. Өте қуаныштымын мені қабылдап жеке сұхбаттасқанымызға. Бұл Қазақстан барысы жарысына өте ұзақ уақыти дайындалдым. Алдағы уақытта одан да биік белестерге жетемін деген ниеттемін. "Әскери спортшылардың жеңісі Қарулы күштердің және жалпы армия спортының имиджін арттыруға ықпал етеді". Жеңімпазды қабылдаған Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов осылай деді. Әріптестері де ерекше құрмет көрсетіп, жылы лебізін білдірді. Арман ӘБЕУОВ, ҚР ҚМ СПОРТ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ-ОРТАЛЫҚ СПОРТ КЛУБЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:Былтыр жоғарғы қолбасшы мырза тапсырма қойған. Қазақ күресін оның ішінде ұлттық ойындарды дамыту әрбір саласында міне кеше Ғалымжан Қырықбай біздің әскери барысы "Қазақстан барысы" атағын иеленіп жатыр. Ғалымжан Қырықбай қатардағы жауынгер. Оның алдынан жарты жыл бұрын жоспар қойғанбыз. Ғалымжан өзі ҚР құрама командасы дзюдо күресінен бірінші номері. Бүкіл қазақ елің жиналған кеше 41 палуан ішінде топ жарып Ғалымжан Қырықбай "Қазақстан барысына" ие болды. Әскерилердің намысын қорғаған Ғалымжан Қырықбай мен Марат Байқамұров бұл жетістіктерімен тоқтап қалмайды. Дайындықтарын күшейтіп, дүбірлі додаларда ел намысын қорғамақ.