Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатына қатысады, деп хабарлайды Kazınform.Дүбірлі дода 29 қараша мен 7 желтоқсан аралығында Дания, Норвегия, Швеция елдерінде өткізіледі. Қазақстандық гандболшылар G тобында сынға түседі. Қарсыластары - Бразилия, Испания мен Украина. Ел құрамасы алғашқы ойынын 29 қарашада Испанияға қарсы өткізеді. Ал 1 желтоқсанда Бразилиямен шеберлік байқасса, 3 желтоқсанда Украинамен кездеседі. Ойындар Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Қазақстандық гандболшылар әлем чемпионатына жетінші мәрте қатысып отыр. Әзірге ең жоғары көрсеткіші - 2007 жылғы 18 орын. Әлем чемпионатына қатысатын 32 құрама төрт-төрттен сегіз топқа бөлінген. Құрамалардың топтарға бөлінуі мынадай: A тобы: Швеция, Хорватия, Қытай, Сенегал В тобы: Черногория, Венгрия, Камерун, Парагвай С тобы: Норвегия, Оңтүстік Корея, Гренландия, Австрия. D тобы: Франция, Словения, Ангола, Исландия. Е тобы: Дания, Румыния, Сербия, Чили. F тобы: Германия, Польша, Жапония, Иран. G тобы: Бразилия, Испания, Украина, Қазақстан. H тобы: Нидерланд, Чехия, Аргентина, Конго. Айта кетсек, 2021 жылы Норвегия құрамасы әлем чемпионы атанған еді.