Ғани Бейсембаев "министр отставкаға кетсін" деген ұстаздарға жауап берді

Осыған дейін ұстаздар қауымы министрдің отставкаға кетуін талап етіп, петиция жариялады. Себебі аттестация тапсырудың қиындау мәселесі де бар. Бұл мәселеге қатысты Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Мәжілістің жалпы отырысының кулуарында пікір білдірді, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.Құжаттар «Ашық АНҚ» порталында жарияланды. Құжаттарды мұқият оқысаңыздар, ондағы негізгі идеология оқушының жетістігі арқылы мұғалімнің жетістігін бағалауды көздейді. Бұған дейін аттестация негізінен мұғалімдердің портфолия жинауына өзінің жетістіктеріне ғана негізделген болатын. Енді мұғалімдердің сұранысы бойынша және сарапшы топтардың жұмысының негізінде бұл әбден сараптамадан өткізіп, ұсыныстарды өткіздік. Сондықтан мұнда керісінше, мұғалімдердің артық тестіден өткізуге, 30 жыл қызмет еткен немесе зейнетке шыққанға дейін тест тапсырып, аттестациядан өту мәселесі көп қозғалған болатын. Бұдан бөлек, жалпы тестердің сапасына сын айтылатын. Бұған дейін де негізінен аттестацияға өте көп сын болды. Сол айтылған сынның бәрін жаңа ережеде ескерілді. Сондықтан да мұнда ең бастысы біздің негізгі бағытымыз балаларға сапалы білім беру, саналы тәрбие беру, - деді министр. Бейсембаевтың сөзінше, бүгінде аттестация барлық сарапшының бір ауыздан айтып отырғандай, аттестация ережесі мен жобасы ұстаздар мен педагогтердің талабына сәйкес келеді. Ол өзінің отставкаға кетуіне қатысты да пікір білдірді. Жалпы кез келген министрді тағайындау немесе отставкаға жіберу Мемлекет басшысының қолында. Сондықтан бұл мәселе менің құзыретіме кірмейді, - деді Ғани Бейсембаев.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Кастет те суық қару
«Қызымның шашын қырып тастаған»: Блогер ата-анасының ақылсыздығын айтып, еңіреп жылады (ВИДЕО)
“Қарақат қатты қиналды“. Қыдырәлі Болман желіде ғажайып оқиғасын бөлісті
Алматыда полиция бұзақыны қолға түсірді
Бір донор бірнеше адамның өмірін сақтап қала алады
Мүфтияттың Ғұламалар кеңесі квадроберлерге қатысты үкім шығарды
«Алматы - Өскемен» автожолында 18 көлік соғылып қалды
Депутаттар ішкі істер министріне көлікті 5 минут қыздыру қисынсыз екенін айтты
ҚБТУ-дағы өртті сөндіруге қатысқан қызметкерлер марапатталды
Қазақстан Президенті Италия Министрлер Кеңесінің төрағасы Джорджа Мелонимен кездесті
Мемлекет басшысы жасанды интеллект саласындағы сарапшылармен кездесті
Кибербуллингтің шариғи үкімі қандай?
Қазақстанда пара беруді ұсынғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін
"Ұлттық кітап" республикалық байқауына қатысуға өтінімдерді қабылдау басталды
Депутат еден жуушы мен аула сыпырушының жалақысын көтеруді талап етті
Лондонға көшіп кеткен Сметов тағы бір марапатқа ие болуы мүмкін
Ресей ұшатын автокөлік шығармақ
Қазақстанның қай аймақтары шетелдік туристер үшін ең тартымды?
FlyArystan ұшағының кешігуі жолаушының жүйкесіне тиді
Алғашқы айыппұл ма? СҚО тұрғыны көлігін ұзағырақ қыздырғаны үшін жазаланды
Қазақстандық екі телеоператорды Катар сатып алды
“Жаңа өмір”. Жахан Отарғалиев үшінші рет отбасын құрды
Маңғыстауда "Таза Қазақстан" аясында іс-шаралар жалғасып жатыр
Алматы көру және есту қабілеті бұзылған адамдар үшін кедергісіз кітапханалар жасауда