«GAS» белгісін орнатпаған жүргізушілерге 10 мың теңге айыппұл салынады

Жаңа жылдан бастап газбен жүретін жүргізушілер көліктеріне арнайы белгі орнатуы тиіс. Жапсырма сары түсті үшбұрыш ішіндегі «GAS» жазуы мен леп белгісінен тұрады. Аталмыш белгі тұрғындардың қауіпті газдан сақтанып жүруі үшін енгізіліп отыр. Әрі жабық паркингтерге ереже бұзып кіріп кететіндерге тұсау болмақ. Норманы бірінші қаңтардан бастап орындамағандарға 10 мың теңге айыппұл салынады. Қазақстанда автомобильдерді газбен жүруге жабдықтау соңғы 10 жыл көлемінде жүзеге асырылып келеді. Ішкі істер министрлігінің дерегінше, елдегі 380 мың көлік газбен жүйіткіп жүр. Алайда газға ауыстыратын техникалық станциялардың қызметі заңмен реттелмеген. Яғни, лицензия алып, құзіреттілігін растауға міндеттейтін ешқандай норма жоқ. Қуаныш ЕЛІКБАЕВ, ҚР САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРЛІГІ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ МЕТРОЛОГИЯ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Көлікті газбен жүруге жабдықтайтын техникалық станциялар барлық қауіпсіздік талаптарын сақтамайды. Салдарынан кейде машиналар жарылып, адам өліміне әкеліп жатыр. Ал газбен жүретін көлік қатары жыл санап артып келеді. Сондықтан заң жүзінде реттеуге кірістік. Алдымен осы белгіні енгіземіз. Кейін газбен жабдықтайтын мекемелерге талапты күшейтіп, құрал-жабдықтарды сертификаттау процессін бақылауға алмақпыз. Таңатар Палманов - қалааралық таксист. Төрт баласын асырау үшін алып-ұшып жүр. Көлігі газбен жүреді. Қауіпті болғанмен, қалтаға жеңілі сол дейді. - Заң шығып жатыр ғой белгі салсын деп. Естідіңіз бе? - Оған қарсымыз. - Неге қарсысыз? - Ертең оның өзі ақша тұрады ғой. Қазір айлықтан-айлыққа зорға жүрміз.+Үш мың теңге. 4 балам бар маған оңай ақша емес. Газдың бағасын көтерейін деп жатыр. Ол да бар. Төтенше жағдайлар министрлігінің дерегіне сүйенсек, Қазақстанда жылына 2 мыңнан астам автокөлік өртке оранады. Биыл газбен жабдықталған 176 машина жарылып, 4 адам көз жұмған. Әр оқиғаның шығу себебін зерттеген мамандар көп жағдайда көліктің техникалық паспортында газ-бензин белгісі болмағанын анықтаған. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Жалпы бұл бастаманы өз басым қолдаймын. Себебі бұл барлығымызға керек нәрсе. Өйткені ешкім кепілдік бере алмайды. Ертең сіз екеуміз де отыруымыз мүмкін. Ешқандай қауіпсіздік жоқ. Тем более мына қалаларалық жүретін машиналарда көбісі газ болуы мүмкін. Олар онымен қоса уақытылы демалмайды. Бала-шаға асыраймыз деп. Газ арзан болады дегендей. - Былтыр ана мойкада қанша жарылыс болды. Жолда қаншасы өртенеді. Иісі шығып келіп тұрады. Оған кісілер жаловать етеді. Қазір әрбір машинаға газ сала береді. Оған обслуживание керек қой. Бізде ондай жоқ. Дұрыс қой үкіметтің шығарып жатқаны. Техниканы соблюдать етпейді. Сосын конечно. Ой бәрі эконом-эконом деп қояды. Ар жағын ойламайды. Газ қауіпті болғанмен, онымен жүретін көлікке шектеу қою үкіметтің мақсаты емес, деді Салалық комитет төрағасы. Дегенмен, оқыс оқиғалардың алдын-алу үшін кешенді шаралар қабылданатыны анық. Ал «GAS» белгісі азаматтардың көлікке отырып-отырмау жайлы таңдау жасауына мүмкіндік береді. Немесе қауіпсіздік үшін тұрақта газы бар машинаның жанына қоймауына түрткі болады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қарағандыда мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты басталды
Тәуелсіздік күні қарсаңында жаңа қоныс
“Қорғау” жүйесінің көмегімен қауіпті жүргізуші туралы ақпаратты алып, шаралар қабылдайды
Алматыда Бизнес хаб пен студенттік емхана ашылды
Сириялықтар Асад билігінің құлауын тойлап жатыр
Доллардың бүгінгі бағамы
Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен кездесті
Колония тәрбиеленушілері өлеңдерін Тәуелсіздікке арнады
ТЖМ құтқарушылары-2024 жылғы жастар сыйлығының лауреаттары
Президент 2024-2026 жылдарға арналған бюджетке түзету енгізді
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
Қазақстан полициясы қызметін күшейтілген нұсқаға ауыстырды
Атырауда алғаш рет “Есірткіге жол жоқ“ жастар форумы өтті
Еліміздегі он бірінші хаб Түркістанда ашылды
Елімідегі он бірінші хаб Түркістанда ашылды
Елордада егіз балаға жүкті әйелге жатырішілік операция жасалды
Қар, көктайғақ және тұман: Қазақстанда ауа райы күрт бұзылуы мүмкін
Астанада ұрлықты кәсіп еткен қылмыстық топ ұсталды
Теміртауда өзен бетіндегі мұз жарылып, суға түсіп кеткен бала мерт болды
Садриддин Ахмедов қарсыласын техникалық нокаутпен жеңіп шықты (ВИДЕО)
Роза Рымбаева жаңа атаққа ие болды
Шымкентте екі қабатты кафе өртенді
14 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Дубайда өткен жарыста ақтөбелік сәйгүлік Нугул жеңіске жетті