"Ғасырлар бойы қолына домбыра ұстап жүрген бабаларымыз күнаһар болғаны ма?",-Е.Қошанов

"Домбыра-харам". Жат діни ағым жетегінде кеткендер жұртты әлеуметтік желіде осылай адастырып жүр. Халқымыздың ғасырлар безбеніндегі сан қырлы тағдырын баяндайтын, өткені мен бүгінін үндестіретін қайталанбас ұлы құндылыққа қатысты алып-қашпа пікір көбейген. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бұған заңмен тиым салу керек екенін айтады. Ерлан ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: "Домбыра-харам" деген әңгіме шықты, көрдіңіздер. Айтып жүрген азаматтарға мен айтар едім. Біздің ғасырлар бойы қолына домбыра ұстап жүрген бабаларымыз сонда күнаһар болғаны ма? + Сондықтан бұл жерде біз теріс діни ағымдағы жүрген, заңға қайшы , конституциямызға қайшы әрекет етіп жүрген ондай діни ағымда жүрген азаматтарға әрине заң жүзінде тиым салуымыз керек. Сондай-ақ, Ерлан Қошанов мектеп оқушыларының хиджап кию мәселесіне де пікір білдірді. Ол еліміз зайырлы мемлекет, кез-келген азаматтың қандай дін ұстануы өз еркі деді. Алайда білім ошақтарын саяси немесе діни ағымдар ордасына айналдырмауымыз керек екенін айтты. Ерлан ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Мектепті біз саяси немесе діни бір ағымдардың ордасына айналдырмауымыз керек. Ол білім ордасы. Ол жерде білім беру керек. Министрліктің заң бойынша қандай форма киюі керек стандарттары барғой. Сол стандарттарды ұстану керек. Балалар өздері кәмелеттік жасқа жеткеннен кейін олар өздері таңдайды қандай жолмен жүреміз.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстанның Қылмыстық кодексінде жаңа бап пайда болады
Атырау облысында тағы балық қырылып жатыр
ІІМ операциясы: Алматы мен Ақтауда 6 адам ұсталды
Қазақ радиосының сандуғашы Сауық Жақанова туралы кітаптың тұсаукесері өтеді
Бұрынғы президент «Ұлт әкесі» деген атаққа ие болды
Бұрынғы президент «Ұлт әкесі» жаңа атаққа ие болды
Қара жәшік Қазақстанға жетті
Жамбыл филармониясына – 90 жыл
Маңғыстау облысында алып сәби дүниеге келді
Астанада осы демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Астанада кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Ақтөбе облысында аудан ауруханасына жаңа жабдықтар берілді
Балжан Бидаш бұрынғы күйеуі Жахан Отарғалиевтің үйленуіне қатысты ойын айтты
Израиль мен ХАМАС қақтығысты тоқтатуға келісті - Reuters
Елордада 200-ге жуық мектеп оқушысы жұмысшы мамандығы бойынша диплом алады
Алматыда полиция бұзақыны қолға түсірді
Алан Құрманғалиев үстел теннисінен WTT Youth Contender турнирінің негізгі кезеңіне жолдама алды
Жітіқарада үйі өртеніп, бес баласынан айрылған әйел сотталды
«Қалағанынша бақытты болуға лайықты»: Балжан Бидаш экс-күйеуінің үйленуіне қатысты ойын айтты
Бір донор бірнеше адамның өмірін сақтап қала алады
Анастасия Городко Қазақстанға Универсиаданың екінші алтын медалін сыйлады
Қазақстан студенттері фристайл-могулдан Дүниежүзілік қысқы универсиадада үздік нәтиже көрсетті
Ақмола облысында 80 отбасы жаңа баспанаға қоныстанды
Ақмола облысында мас танысының атына заңсыз несие рәсімдеген күдікті ұсталды