Газ бағасына мемлекеттік реттеу енгізіледі

Елімізде сұйытылған газ бағасы мемлекеттік деңгейде реттеледі. Мәжіліс депутаттары бүгін заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Талғат Маханов отыз жылдан бері көлік тізгінінде. Бензин қымбат болған соң былтыр көлігіне газ қондырғысын орнатқан. Бір рет бакты толтырып алсам, бір апта жүруге жетеді дейді ол. Талғат МАХАНОВ, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Енді қымбаттатпаса болды ғой. Алдындағыдай 70 теңге болды. Қазір 50 теңге выгодно. Сосын газ қойдық. Иә сақтап тұрған дұрыс қой. Өзімізден шығатын газ. Өзімізден бәрі. Бензин қымбат. Газбен жүреміз. Газдың бағасын мемлекет деңгейінде реттеу мәселесі көп жылдан бері көтеріп келе жатыр. Сала мамандарының айтуынша, бұрын биржалық жолмен газ сатылғанда газ бағасы үш есе көтерілген. Өйткені биржада бір аптаның ішінде баға 40 теңгеден 70 теңгеге дейін өсіп отырған. Алтынай МҰХАНОВА, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ СҰЙЫТЫЛҒАН ГАЗ ТАСЫМАЛДАУШЫЛАР АССОЦИАЦИЯСЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ: Кейбір адамдар газдың өздерін қожайыны сезініп, ойына келген бағаға сата бастады. Ешкім халықты ойламайды. Жұрттың 180 теңге болып шарықтап тұрған бензинмен жүруге жағдайы келе бермейді. Ақтөбе облысында 200 газ құю бекеті бар. Қазір оларға бір айға 12 мың тонна сұйытылған газ бөлінеді. Бұл - жеткіліксіз. Ақылбек НҰРҒАЛИЕВ, КӘСІПКЕР: Біздің облысқа бөлінетін газ сұранысты қамтамасыз етпейді. Бізге 18 мың тонна керек болса, бізге бөлінетін 12 мың тонна. Ал 6 мың тонна жетпейді. Соны пропорционалды дефференциалды бөліп берсе барлығы риза. Енді көтерме сауда және бөлшек саудада газ бағасын Энергетика министрлігі қадағалайды. Ал жергілікті билік газ құю бекеттеріне сұйытылған газды теңдей бөлу қызметін атқарады. Министрліктің мәліметінше, алғашқы жарты жылдықта газ бағасы өзгермейді. Асхат ХАСЕНОВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА ВИЦЕ- МИНИСТРІ: Сұйытылған газдың бағасы бүгінгі таңда өзініңіз білесіз. Бәсекелестікті реттеу агентігімен бекітілген. Ол осы жарты жалдыққа бекітілді. Реттеліп жатыр. Болашақта мемлекетпен реттелетін болады. Бүгінгі таңда әкімшіліктерде сұйытылған газдың айналымын қадағалау әкімшілікте болғандықтан оларға қосымша құзырет берілетін болады. Бақыт РАХМЕТОВА, ТІЛШІ: Еліміздің сұйытылған газға деген қажеттілік-1,5 миллион тонна. Оны пайдаланатындардың жартысынан астамы-автокөлік иелері. Бұған дейін Қазақстан, Өзбекстан және Ресей «Үштік газ одағын » құру мәселесі сөз болған еді. Премьер-министрдің айтуынша, Қазақстанға газ одағын құру туралы ресми ұсыныс түспеген. Бірақ қазір Ресей Федерациясымен газ жеткізу саласындағы ынтымақтастық туралы екіжақты келіссөздер жүргізіліп жатқанын жеткізді. Б. Рахметова

Читать источник astanatv.kz/kz/
Түркістан облысында ауыл жұрты қасқырдан қорқып, көшеге шыға алмай отыр
Шымкенттік дәрігер республикада үздік атанды
Дәрігер ауыз қуысынан көрінетін қант диабетінің белгісі туралы айтты
“Жаныма қатты батты“. Баян Мақсатқызы Бишімбаев ісіне қатысты жаңа жобаның құпиясын ашты
Түркістан облысында ауыл жұрты қасқырдан қорқып, көшеге шыға алмай отыр
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ұлытау облысына іс-сапармен барды
Сізді күннен күнге бақытсыз ететін 3 әдет
Дәрігер ауыз қуысынан көрінетін қант диабетінің белгісі туралы айтты
23 желтоқсанда ауа райы қандай болады?
Қарағандыда қалың қардан жүк көлігі жолдың шетіне шығып кеткен
«Осылай бірге жүріңдерші»: жұрт Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімоваға бақыт тіледі
Атырауда 62 ерлі-зайыпты ажырасуға арыз беріп, кейін татуласып кеткен
АЛМАТЫ ТҰРҒЫНДАРЫ ДӘН РИЗА
Қостанайда қар құрсауында қалған балықшылар құтқарылды
«Мені өлді деп ойлаған»: Жұлдызай Дүйсенбиева басынан өткен жағдай туралы айтты
Шымкенттік дәрігер республикада үздік атанды
Қазақстанның үш каратэшісі әлем үздіктерінің қатарына енді
Тұман, бұрқасын, жел: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген ер адам БАӘ-ден Қазақстанға жеткізілді
Азамат Дәулетбеков өзбек балуанын жеңіп, халықаралық турнирдің чемпионы атанды
Атырауда шаруалар облыс әкімдігі ғимаратының алдында тентіреп жүр
"Жүрегім бос": Қуат Хамитов болашақ жарына қатысты талаптарын айтты
Заңға енгізілген түзетулер: Бұрынғы президенттер туралы ақпарат неге құпия саналатын болды?
Оралда жолаушылар автобусы өртенді