Кенияның астанасы Найробиде газ тасымалдайтын көлік жарылып, киім-кешек пен тоқыма бұйымдарын сататын Oriental Godown қоймасы мен бірнеше тұрғын үйде өрт шықты. Төтенше жағдай салдарынан үш адам қаза тауып, зардап шеккендер саны 271-ге жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Associated Press басылымына сілтеме жасап хабарлайды.Қаза тапқандар саны әлі де өседі деп болжануда. Ведомствоның түсіндіруінше, жарылыс 1 ақпанда жергілікті уақыт 23:30 шамасында (Мәскеу уақытымен бірдей) басталған. Қойма, үйлер мен жүк көлігінен басқа бірнеше көліктер, кәсіпорындар мен дүкендер зақымданған.Жарылыс кезінде жүк көлігінен газ баллоны ұшып, көліктен 200 метр қашықтықтағы төрт қабатты тұрғын үйдің шатырын тесіп өткен. Өртенген қоймада бірнеше жүк көлігінің қаңқасынан басқа ештеңе қалмаған.