Дүниежүізілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус Газа секторында әр 10 минут сайын бір бала қаза болып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.Газа секторында 10 800-ден астам адам қаза тапты, олардың 70%-ы – әйелдер мен балалар. Шамамен әр 10 минут сайын бір бала ажал құшады, – деді ол Таяу Шығыстағы жағдайды талқылау үшін өткізілген БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында. Оның айтуынша, Газадағы 36 аурухананың жартысы, алғашқы медициналық көмек орталықтарының 60% жұмыс істемейді. Науқастар аурухана дәліздерінде жатыр. Хирургиялық операциялар анестезиясыз жасалуда, - деді Тедрос Адханом Гебрейесус.