Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәлімдеуінше, Газадағы ең үлкен аурухана Әл-Шифа қорымға айналды. Бұл туралы Каzinform агенттігі хабарлайды.Ұйымның мәліметінше, аурухана электр қуатының үзілуі мен жанармай тапшылығына байланысты күрделі қиындықтарды бастан кешіруде, бұл ретте инкубаторға тәуелді ондаған шала туған нәрестенің тағдыры не болары белгісіз. Ұйым өкілінің айтуынша, шала туған нәрестелер мен диализге мұқтаж 45 науқас электр қуатының жоқтығынан тиісті ем қабылдай алмай отыр. ДДҰ өкілі Кристиан Линдмайер ауруханада 600 науқас қалып, қалғандары оның дәліздерінде жасырынып жатқанын айтты. Газадағы дәрігерлер мәйіттердің аурухананың ішінде де, сыртында да көбейгенін, ал Линдмайер емдеу мекемесінің зират сияқты жұмыс істеп жатқанын айтты. Соңғы күндері Газа қаласындағы аурухана маңында қақтығыстар жүріп жатыр. Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың аға кеңесшісі Марк Регев ХАМАС тобы әскери инфрақұрылымын аурухана астына әдейі салғанын айтып, оны Әл-Шифа ауруханасын соғыс аймағына айналдырды деп айыптады. Топтың өзі бұл ақпаратты жоққа шығарады. Ол, сондай-ақ, Израиль әскерилері ауруханаларды әдейі нысанаға алмағанын растады. 7 қазанда Хамас тобының Газа секторына шабуылдары басталғалы 1200 адам қаза тауып, 200-ден астам адам кепілге алынды. ХАМАС басқаратын денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, сол уақыттан бері Газада 11 мыңнан астам адам қаза тапты, оның 4500-ден астамы — балалар.