Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше аспартам деген жасанды тәттілендіргіш қатерлі ауруға душар қылуы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.Аспартам – кәдімгі күнделікті дүкен сөрелерінен түспейтін газдалған сусындардан бастап түрлі сағыз құрамында бар екен. Халықаралық ұйым өкілі Франческо Бранканың деректеріне сәйкес бір топ америкалық зерттеуші өндіріс компаниялары аспартамды қанттың орнына жиі қолданылатынын жеткізген. Ғалымдар бұл зат тіпті қатерлі ісікке әкелетінін дәлелдеген. Адамдар оны күніне 40 мг-нан артық тұтынбауы тиіс, дейді олар. Ал аспартамның адам денсаулығына қауіптілігін өндіруші компаниялар жоққа шығарып отыр. Ғалымдардың дәйектері жеткіліксіз болғандықтан енді ДДСҰ және Азық-түлік, ауыл шаруашылығы ұйымдарының мамандарынан құралған комитет зерттеу-тексеру жұмыстарына кірісті.