Генетикалық мутацияның салдарынан мүмкіндігі шектеулі балалар саны артты

Елімізде соңғы 10 жылда мүмкіндігі шектеулі балалар саны 2 есеге артқан. Басты себеп, генетикалық мутацияның салдары. Кеселмен күресудің қандай жолы бар? Рабиға Бақытжанқызы анықтап көрді. Ресми мәлімет бойынша елімізде соңғы 10 жылда мүмкіндігі шектеулі балалардың саны екі есеге өскен. 2021 жылы 13 мыңнан астам бүлдіршінге осындай диагноз қойылды. Ал, 2022 жылы 100 мыңға жуық балғын түрлі дертке шалдыққан. Бірінші орында туа бітті даму кемістігі, адан кейін хромосомалық ақаулар, жүйке жүйесі аурулары, психикалық даму ақаулары бар аурулар тұр. Әйгерім ИБРАИМОВА, БАЛАЛАР НЕВРОЛОГЫ: Синдром Дауна негізі барлығында десек болады. Ақыл-ес кемістігі болады. Ақыл-ой жүйесі 100 пайыз жақсы деген бала синдром даунада кездеспейді. Жүктілікке әйелдің дайынсыздығы. +35 жастан кейінгі жүктілік әйелдің денсаулығы сыр бергендіктен жүктіліктің ауыр өтуіне, ақаумен туылуына себеп болатын бірден-бір фактор. Үшіншіден алдында түсік болған жүктілігі болса, отбасында басқа да ауру баласы болса, туысқанымен үйленген болса осының барлығы туа біткен ақаудың себептері. Генетикалық мутацияның салдарынан даун синдромы пайда болады. Ең бастысы аналар жүктіліктің 11-14 аптасы, екінші 21-23 аптасында скринингтік тексеруді өткізіп алмауы тиіс. Рабиға БАҚЫТЖАНҚЫЗЫ, ТІЛШІ: Шаранадағы баланың желке тұсының өлшемі 1,6-1,7 мм ден жоғары болса және бірінші скринигтен қанның қауіп шегі 1:150-ден жоғары болса, онда дауна диагнозын қоюға болады. Тек генетиктер ғана әйелге жүктіліктің 22 аптасына дейін жүктілікті үзуге кеңес бере алады. Алайда, шешімді жүкті әйелдің өзі ғана қабылдайды. Ақбөпе НҰРТАЕВА, АКУШЕР-ГИНЕКОЛОГ: Генетикалық анализ жасалады. Еркекке де әйелге де. Бірақ оның бәрі ұрықты алуы керек. Ол эконың барысында жасалады. Ол әжептеуір қомақты ақша алады. Былайша алдын-ала анықтау деген жоқ. Тек бірінші скриниг бойынша. Сол себепті ендігі балада да дауна болуы мүмкін, мүмкін емес деп ешкім дөп басып айта алмайды. Және оның емі де жоқ. Дауна синдиромымен дүниеге келген әрбір бала өмірінің соңына дейін реабилитациядан өтуі тиіс. Егер, ата-аналар 12 мүшесі сау ұрпақ сүйгісі келсе, әрбір жүктілік жоспарлануы керек дейді мамандар. Р. Бақытжанқызы

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қостанайда қар құрсауында қалған балықшылар құтқарылды
Қазақстанның үш каратэшісі әлем үздіктерінің қатарына енді
Шымкенттік дәрігер республикада үздік атанды
АЛМАТЫ ТҰРҒЫНДАРЫ ДӘН РИЗА
Қостанайда қар құрсауында қалған балықшылар құтқарылды
Шымкенттік дәрігер республикада үздік атанды
Қазақстанның үш каратэшісі әлем үздіктерінің қатарына енді
Тұман, бұрқасын, жел: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген ер адам БАӘ-ден Қазақстанға жеткізілді
Азамат Дәулетбеков өзбек балуанын жеңіп, халықаралық турнирдің чемпионы атанды
Атырауда шаруалар облыс әкімдігі ғимаратының алдында тентіреп жүр
"Жүрегім бос": Қуат Хамитов болашақ жарына қатысты талаптарын айтты
Заңға енгізілген түзетулер: Бұрынғы президенттер туралы ақпарат неге құпия саналатын болды?
Оралда жолаушылар автобусы өртенді
Боран болады: 23 желтоқсанда ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды
Қарағанды облысында көліктен 13 қап марихуана тәркіленді
Пиротехниканың қауіптілігі туралы ТЖМ құтқарушылары айтып берді
Қарағандылық жолшылар жүк көлігін апаттан құтқарды
Щучинскте монша өртенді
Семейде бас шыршаның шамын жағу рәсімі кейінге қалдырылды
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Бақыт Сәрсекбаев бокстан ұлттық құрамаға оралды
Қазақстанда автовокзалдар мен автостанцияларға және жолаушылар тасымалы бойынша талаптар белгіленді
Қытай мен Өзбекстан Қырғызстан арқылы Қазақстанды айналып өтетін теміржол салады