Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин бокстан лицензиялық турнир өтіп жатқан Бусто-Арсициоға (Италия) барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.Аталған сында 2024 жылғы Олимпиада ойындарына барлық салмақта лицензия ойнатылып жатыр. Турнирде ерлер мен әйелдер командасы бақ сынауда. ҰОК басшысы шешуші жекпе-жектер кезінде қазақстандық боксшыларға қолдау көрсетеді. Бұл -Геннадий Головкиннің ҚР ҰОК президенті қызметіне сайланғалы бергі алғашқы ресми сапары.