Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) орта салмақтағы IBO чемпионы атағынан ресми түрде бас тартты. Бұл оның қазіргі таңдағы жалғыз белбеуі еді, деп жазды massaget.kz.Халықаралық бокс ұйымының (IBO) президенті Эд Левин орта салмақтағы чемпиондық атақ өз иесін күтетінін хабарлады. Сондай-ақ Генаның мықтылығын ерекше атап өтті.Геннадий мен IBO арасындағы құрметке лайық байланыс 12 жылға жалғасты. 22 жекпе-жек болды. Біздің белбеумен оның орта салмақтағы чемпиондық жолы басталды. Басты қарсыластары қаншама жыл жұдырықтасудан сескеніп-ақ жүрді. Себебі ол бірде-бір рет нокдаунға түспеген мықты боксшы болды. Орта салмақта ол чемпиондық атақтан бас тартқан шешіміне құрметпен қараймыз, әрине өкінішті де. Бұл атақ осы салмақтағы өз иесін күтеді. , - деді Эд Левин.IBO атақ-дәрежесі бойынша кәсіпқой бокстағы бесінші ұйым. Абсолютті чемпион атану үшін бұл ұйымның чемпиондық атағы қажет емес. Сондықтан кей боксшылар бұл белбеуден бас тартып та жатады.Геннадий Головкин бұл атақты 2011 жылдың 9 желтоқсанында Лахуан Саймонды жеңгеннен кейін иеленген еді. 2018 жылы «Канелодан» жеңілгенде атағынан айырылған. Алайда мексикалық бұл белбеуден бас тартқаннан кейін, 2019 жылы Гена Сергей Деревянченконы жеңгеннен қайта иеленген болатын.Қазақстандық боксшы бұған дейін WBA Super және IBF чемпиондық атақтарын кері қайтарған еді. Енді отандасымыз ешқандай чемпиондық белбеуге ие емес. Бұған дейін мансабын аяқтауы мүмкін деген де ақпарат тараған. Әзірге қандай шешім қабылдайтыны боксшының өзіне ғана аян.