«Германия – Қазақстанның ең ірі сауда серіктесі», - сарапшы

Германия – еліміздің ең ірі сауда серіктесі. Былтыр екіжақты тауар айналымы 25 пайызға өсіп, 2,8 миллиард долларға жетті. Олардың бизнесі мемлекетке 6 миллиард доллар инвестиция құйды. Осыдан-ақ неміс сауда-саттығының 83 проценті Қазақстанға тиесілі екенін көруге болады. Мемлекет басшысының Германияға ресми сапары аясында екі ел Президенті біршама келіссөз жүргізді. Кездесулерде қандай мәселелер талқыланды? Аружан Задабек айтады. Көлік-транзит саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға ерекше назар аудару қажет. Ол үшін Транскаспий бағытының әлеуетін пайдалану- маңызды. Осы арқылы Ақтау және Құрық порттарының инфрақұрылымын дамытуға болады. Энергия көздерін жетілдіру үшін де немістермен байланысты нығайту керек – деді Президент. Осы мақсатта Германия мен Швецияның бірлескен Svevind Group компаниясымен «жасыл» сутегін өндіру жөнінде сомасы 50 миллиард доллар болатын келісім жасалды. Бұл – әлемдегі ең ірі жобалардың бірі. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Қазақстан мен Германия екі елдің орнықты дамуын қамтамасыз ету үшін жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру ісіне барынша прагматикалық тұрғыдан қарауы керек. Ол үшін біздің саяси ерік-жігеріміз бен орасан зор экономикалық әлеуетіміз бар. Келіссөздер барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықтың перспективаларына баса мән берілді. Біз екіжақты сауда-саттықтың қарқынды дамып келе жатқанын атап өттік. Экспорттық және импорттық тауарлар номенклатурасын одан әрі кеңейту үшін пәрменді шаралар қабылдауға уағдаластық. Қазақстан жыл басынан бері Германияға «Достық» мұнай құбыры арқылы 500 мың тонна мұнай жөнелтті. Мұның бәрі өзара келісімнің нәтижесінде жүзеге асқан. Президент болашақта да металлургия, көлік және логистика секілді перспективті салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ниетті. Жалпы, қазір әлем экономикасында өзекті мәселе көп. Оны шешу үшін жаңа әмбебап құндылықтар қажет. Әйтпесе, дүниежүзілік сауда бұрын-соңды болмаған кедергіге тап болуы мүмкін. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Бүгінгі кездесу қарсаңында Siemens, Deutsche Bahn, Siemens Energy, Linde және тағы да басқа негізгі серіктестермен маңызды коммерциялық келісімдерге қол қойылуын құптаймын. Бұл құжаттар мемлекеттеріміз арасындағы экономикалық байланыстарды одан әрі нығайтуға тың серпін береді. Былтыр Қазақстан экспорты 40 процентке өсті. Автомобиль құрастыру, фармацевтика, металл өңдеу және машина жасау салаларында өсім -жоғары. Еліміз шетелден кең көлемде инвестиция тартуды әлі де жалғастырады. Ол үшін Мемлекет басшысы Париж келісімін ратификациялады. 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясын қабылдады. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Германия мен Швецияның бірлескен Svevind компаниясы жылына 2 миллион тонна «жасыл» сутегін өндіруге бағытталған Қазақстандағы жобасына 50 миллиард доллар инвестиция салып отыр. Бұдан бөлек, шикізат пен руданы жергілікті жерде өңдеп, содан кейін Еуропа Одағына мүше елдерге экспорттауға дайын кәсіпорындар үшін инвестициялық мүмкіндіктерге жол ашылады. Германия мен Қазақстан арасындағы виза режиміне қатысты шарттар жеңілдеуі керек. Сондай-ақ екі ел арасында тікелей әрі тұрақты әуе рейстерін ашу- маңызды. Мемлекет басшысы Шри-Ланка Президенті Ранил Викрамасингхемен өткен кездесуде осы мәселелерді талқылады. Ал, STADA Group компаниясының вице-президенті Кристос Галлис денсаулық сақтау және фармацевтика салаларындағы ынтымақтастықты дамытуды көздейтінін жеткізді. Ренат БЕКТҰРОВ, «АСТАНА» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСҚАРУШЫСЫ: HHLA компаниясымен де кездесу өтті. Бұл компания логистика саласындағы көшбасшылардың бірі десек те болады. Жақын арада Қазақстан темір жолы компаниясымен бірлесіп, елімізде компания ашпақ. Осы порт инфракструктурасын және логистика инфракструктурасын дамытуға қазірдің өзінде Алматыда офис ашып отыр. HMS Bergbau AG – Германиядағы қатты пайдалы қазбаларды барлаумен және өндірумен айналысатын жетекші компания. Бұл кәсіпорын АҚШ, Сингапур, Индонезия, Польша, БАӘ, Ботсвана мемлекеттерінде шикізат өндіру жұмыстарын белсенді жүргізеді. Нұрлан ЖАҚЫПОВ, «САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ: Мемлекет басшысының Германияға іс-сапарының аясында HMS Bergbau AG басшылығымен кездесу өтті. HMS Bergbau - сирек металлмен айналысатын компания. Қазақстанда бұл компания тиісті барлау өткізіп жатыр. Болжам бойынша 2040 жылға қарай сирек кездесетін металдарға сұраныс төрт есе артпақ. Ал, Қазақстанда құны 46 триллион доллардан асатын бес мыңнан аса барлау жасалмаған кен орны бар. Сондықтан Президент Канцлер Олаф Шольцке бірлескен шикізатты игеру жобаларын жүзеге асыру үшін Консорциум құруды ұсынды. Бұл бастама ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтереді. Ерболат СЕЙЛЕХАНОВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚСЗИ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ӨКІЛДІГІНІҢ БАС ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ: Президенттің Германияға сапары екі елдің достығы артып жатқанын көрсетеді. Кеше Президент бірнеше неміс компания басшыларымен кездесті. біраз келісім болды. Бұған дейін екі ел арасындағы экономикалық байланыс жақсы қарқынмен дамыды. Бұл жолғы сапар сол бастамалардың оң жалғасы болады. Жаңа кезеңге көтеріліп жатырмыз. Бұл ел үшін өте маңызды. Екі ел арасындағы ынтымақтастықтың тағы бір басым бағыты - IT саласы. Қазір еліміздің цифрлық трансформация бағытындағы бастамаларын әлем мойындайды. Біздегі электронды үкімет жүйесі ТОП-30 елдің тізіміне кіреді. Сапар барысында Қасым-Жомарт Тоқаев «C5 Германия» диалог алаңына қатысты. Онда сөз сөйлеген Мемлекет басшысы сауда-экономикалық қарым-қатынас, жаңа көлік-транзит дәліздерін дамыту, энергетика саласындағы кооперация мәселелеріне назар аударды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Олимпиадалық іріктеу: Шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Словенияны жеңді
Маркус Тюрамға бірнеше команда қызығушылық білдірді 
2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты: Қазақстанның қарсыластары анықталды
Отшашуға толы Mercedes Benz жүк көлігі өртенді
АУДАН АЖАРЫ АЙШЫҚТАЛЫП КЕЛЕДІ
2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты: Қазақстанның қарсыластары анықталды
"Реал" шабуылшысы Килиан Мбаппе жарақат алды
Көкшетауда өзгелердің жоғалтып алған картасымен сауда-саттық жасағандар ұсталды
2027 жылы Астанада бокстан әлем чемпионаты өтеді
Мас күйде рульге отырған 47 жүргізуші жазадан құтылмады
Ат абзелдерін жасайтын Ардақ Абдуллин
ТЖМ құтқарушылары балаларға көмекке келді
Әйел адам түрмедегі ұлына шұжық ішіне телефон жасырып өткізбек болған
Әділбек Мусин Әлем чемпионатында ел рекордын жаңартты
Ресми: Астанада Лос-Анджелес Олимпиадасы алдында бокстан әлем чемпионаты өтеді
Роза Рымбаева Абай облысының Құрметті азаматы атанды
Алматыда «Француз үйі» атауы заңсыз пайдаланылғаны анықталды
Астанадағы әскери оқу орнына Оман Сұлтандығының делегациясы келді
Франсуа Байру Францияның жаңа Премьер-министрі болып тағайындалды
Алматыда «Мемлекеттік қызмет» музейі жаңа форматта ашылды
Астана-Бурабай бағытында жаңа туристік электр пойызы іске қосылды
Шерзат Полаттың әкесіне қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды
Бокстан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
Роналдудың бағасы құлады. Бірақ бұған әр клубтың қалтасы көтере бермейді