Германия Федералдық президенті Франк-Вальтер Штайнмайер Ақтауға барды

Ақтауда «Қазақ-неміс инжиниринг институты» құрылады. Ол каспий технологиялар және инжиниринг университеті базасында ашылады. Онда логистика және энергетика мамандығы бойынша білім алады. Премьер-министр Әлихан Смайылов пен Германияның Федералды Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер жаңадан құрылысы басталған оқу ғимаратында «уақыт капсуласын» салу рәсіміне қатысты.Кездесуде Премьер-министр Әлихан Смайылов Германияның Федералды Президентіне «Қазақ-неміс инжиниринг институты» Маңғыстау өңірі үшін зор мүмкіндіктер беретініне сенім білдірді. Атап айтқанда, аймақтың энергетика, логистика, мұнай химия, экологиясына және инфрақұрылымын жақсарту үшін мамандар даярлауда үлкен септігін тигізеді деді. Әлихан СМАЙЫЛОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: Біз әлемдік үрдістерден қалыспай, «таза» технологияларды енгізуге ұмтыламыз. Маңғыстау облысындағы «жасыл» экономика өңірдің мұнай-газ саласына тәуелділігін азайтып, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Институт бұған өз үлесін қосып, еліміздің батысындағы ғана емес, бүкіл Орталық Азиядағы жетекші білім ордаларының біріне айналады деп сенемін.Мамандар 4 жарым жыл білім алады. Есенов атындағы университетте үш жыл оқыса, қалған бір жарым жылын Германияда оқиды. Сондықтан кадр дайындауда неміс тіліне басымдық беріледі. Қазірдің өзінде екі елдің жоғары оқу орындары арасында 178 шарт жасалып, 10-нан астам қос дипломды бағдарлама іске қосылуда. Франк-Вальтер ШТАЙНМАЙЕР, ГЕРМАНИЯНЫҢ ФЕДЕРАЛДЫ ПРЕЗИДЕНТІ: Бүгінде екі елде де білікті мамандарға сұраныс жоғары. Мен осы институт пен оның түлектерінің болашағы жарқын болатынына сенімдімін. Бұл – білім саласындағы өте маңызды жоба. Екі ел арасындағы осы саладағы және ғылыми зерттеулер саласындағы ынтымақтастық одан әрі дами бермек. Университет түлектері жасыл сутегі өндіретін кәсіпорынға жұмысқа орналаса алады. Қазір бұл жоба пысықталып жатыр. Ол келешекте ірі зауытқа айналмақ. Германия президенті сапар соңында өңірдегі Құрық портының жұмысымен танысты.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Facebook, Youtube және Instagram желілері істемей қалды
Ауа райына байланысты «Үшарал-Достық» автожолы жабылды
85 млн теңге қарызы көлік жүргізушісі ұсталды
Астанада көшенің ортасында көлік өртке оранды
Алматыда демалыс күндерінің жәрмеңкелері модернизацияланды
85 млн теңге қарызы көлік жүргізушісі ұсталды
Үйде еркектің билігі әлсірегенде ене ұлын қызғанып, келінге күн көрсетпейді - Мұхамеджан Тазабек
«Мұндай нәрсені жауыма да тілемеймін»: бостандыққа шыққан актер жантебірентер жазба жариялады
Садраддин, Науатбек Ақмарал: Тағы кімдер «Дарын» жастар сыйлығының иегері атанды (ВИДЕО)
Жаһандану жағдайында білім беру бағдарламаларын жобалау
"Алданып қалмаңыздар!": Ұлттық банк маңызды мәлімдеме жасады
Жаңа жыл қарсаңында Қарағанды облысында қылқан жапырақты ағаштарды қорғау күшейтілді
Бас бапкер Азия чемпионаты туралы: Екі салмақ дәрежесіндегі нәтижемен келіспейміз
Көлікті дұрыс қыздыру маңызды
Қабырғасы пластик фольгамен қапталған: есірткі өсірген қызылордалық 12 жылға сотталды
Әлем бойынша Whatsapp, Facebook және Instagram желілері істен шықты
Ауа райына байланысты «Үшарал-Достық» автожолы жабылды
Facebook, Youtube және Instagram желілері істемей қалды
Facebook, Youtube және Instagram желілері істен шықты
Марқұм Шерзаттың жездесі де қамалды
Мереке күні полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді
ӘЧ: Қазақстандық спортшылар үшінші рет ел рекордын жаңартты
Жетісу облысында көлік қозғалысы шектелді
85 млн теңге қарыз: Түркістан облысында заңды белшеден басқан жүргізуші ұсталды