Германия полициясы хабар-ошарсыз кеткен Астана қаласы Сарыарқа ауданының бұрынғы судьясы Айгүл Сайлыбаеваны іздеуге кірісті, - деп жазды KAZINFORM.Бұған дейін экс-судьяның жоғалып кеткенін оның ағасы Қанат Сайлыбаев БАҚ-қа хабарлаған болатын.Оның айтуынша, Айгүл ұзақ уақыт бойы күйеуі Александр Донцов пен оның анасы тарапынан тұрмыстық зорлық-зомбылық көріп келген.Әйелдің отбасы Қазақстанның Франкфурттағы консулдығына жүгінді.Жағдайға ҚР Сыртқы істер министрлігі түсінік берді.— Іс Германиядағы дипломаттарымыздың бақылауында. Жергілікті полиция іздестіру шараларын бастады. Консул осы азаматтың туыстарымен тұрақты байланыста, — деп хабарлады ведомстводан.