Германия шетелден жұмысшылар іздеп жатыр

Еуроодақ құрамына кірмейтін елдердің азаматтарына Германияға көшу оңайырақ болады. Бундестаг қабылдаған 2020 жылғы көші-қон заңына енгізілген түзетулер жаңа жолдарды ашады,-деп жазады Айқын.кз.Германия жұмыс күші тапшылығы мәселесін шешу үшін білікті мамандарды тартады. Заң үміткердің кәсіби тәжірибесін және Канада сияқты елдерде қолданылып жүрген жүйелерге ұқсас басқа факторларды ескеретін «баллдық жүйені» қарастырады. Түзетулердің біріне сәйкес, елге 2023 жылдың 29 наурызына дейін келген баспана іздеушілер және билік органдарынан жауап алмағандар өздерінің мәртебесін баспана іздеушіден жұмыс іздеп жүрген еңбек мигрантына өзгерте алады. Жоғары білікті жұмысшыларға Германияға көбірек туыстарын әкелуге рұқсат етіледі. Мамандардың айтуынша, елге жыл сайын 400 мыңға жуық білікті мигрант қажет. Ұлттық еңбек агенттігінің мәліметінше, өткен жылы 1200-ге жуық кәсіптің 200-де жұмыс күші тапшы болған. Ведомствоның хабарлауынша, тізімге автобус жүргізушілері, фармацевтер, сәулетшілер, қызмет көрсету мен ақпараттық технологиялар саласының қызметкерлері кірген. Науқас пен бала күтіміне келгенде жұмыс қолы жетпейді. Германияның Ішкі істер министрі Нэнси Фезер бұл заңды «ел болашағы үшін жасалған үлкен қадам» деп атап, білікті жұмыс күшінің жетіспеушілігі экономикалық өсудің баяулауының себептерінің бірі екеніне назар аударды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Семейде халықаралық скрипкашылар байқауы өтті
Gucci, Chopard, Cartier: Перизат Қайраттан тағы не тәркіленді?
Қазақстан қылмыскерлер қашуы мүмкін тағы бір елмен келісімге келді
Құтқарушының құрметті жолы
Мемлекет басшысы Ескелді би ауылындағы спорт кешеніне барды
Су тасқынына қатысқан батыр Аят Сералиев «Жақсы адам-2024» сыйлығына ие болды
Жас өнерпаздарға қанат бітірген байқау
Биыл ел тұрғындары 1 млн-нан астам қымбат зерттеулерден өтті
Ресей шекарасында кептеліс не үшін туындады?
Алдағы мереке күндері елімізде қосымша теміржол пойыздары мен әуе рейстері іске қосылады
Назарбаев резиденциясының орнына халыққа арналған кешен салынбақ
Биыл елдегі үш ірі теміржол вокзалы толық жаңартылды
Қазақстанда «Tasqyn» ақпараттық жүйесі әзірленуде
Биыл Қазақстан волонтерлікті дамытуда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді
Шетелдік туристерге Қазақстанның тәтті кәдесыйлары табысталады
Берік Асылов Мароккоға барып мәселе шешіп келді
Қазақстандағы қайырымдылық: сенім дағдарысынан қалай шығамыз?
Жазушылар одағының 90 жылдығы: әдебиет пен руханияттың дамуына үлес қосқандар марапатталды
Жазушылар одағының 90 жылдығы: түркі әлемінің рухани бірлігі мерейтойда дәріптелді
Қоғамдағы тұрақтылықтың қозғаушы күші
Қазақстан мен Қытай шекарасы екі күнге жабылады
Жазушылар одағы – руханиятымыздың алтын діңгегі
Тәуелсіздік таңы атқан күн
Өзбек боксшысына кеткен "алтын" қазаққа қайтты