Гондурастағы әйелдер түрмесінде болған тәртіпсіздіктер салдарынан 41 адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC-ге сілтеме жасап.Қарсы топтар арасында төбелес басталып, бір тарап екіншісінің камерасын өртеп жіберген. Ресми тұлғалардың хабарлауынша, өрт көп адамның қазасына себеп болды, кейбір құрбандар оққа ұшқан. Тағы бірнеше жазасын өтеуші ауруханаға жеткізілді. Елдің қауіпсіздік министрінің орынбасары Хулисса Вильнуэва төтенше жағдай жариялады. «Адамдар арасында құрбандыққа жол берілмейді», - деді ол. Түрме Гондурас астанасы Тегусигальпадан 20 шақырымдай жерде орналасқан және оған 900-ге жуық адам сыяды. Оқиға кезінде түрменің бір бөлігі толығымен қираған. Президент Ксиомара Кастро әлеуметтік желіде әйелдердің жантүршігерлік өліміне байланысты тиісті шара қолданатынын айтты. Гондурас сыбайлас жемқорлық және топтық зорлық-зомбылық көп жасалатын ел ретінде танымал. Көршілес Сальвадор және Гватемаламен бірге, бұл ел Оңтүстік Америкадан Құрама штаттарға келетін кокаиннің негізгі транзиттік бағыты болып саналады.