Гонконгте ұшақ апатты жағдайда қонды, - деп хабарлайды Massaget.kz. Әуе көлігінің шассиі жарылып, 18 адам жарақат алған.Жолаушылар лайнері Лос-Анджелеске бара жатқан. Ақау шыққан соң экипаж әуежайға қайтуға шешім қабылдапты.Ұшақта 300-ге жуық жолаушы мен 17 экипаж мүшесі болған. Оқиға орнына 10-нан астам жедел жәрдем көлігі келді.