Google Play интернет дүкенінен 2ГИС картографиялық қызметінің қосымшасы жоғалып кетті, ол санкцияға ілінген "Сбербанкке" тиесілі болып табылады.2ГИС әкімшілігі Google Play-ден қосымшаның жоғалып кеткенін растады, бірақ ол орнатылған құрылғыларда өз жұмысын штаттық режимде жалғастыра беретінін және қызметке белсенді қолдау көрсетілетінін айтты. Компания деректер бұрынғыдай күн сайын жаңартылып отыратынын хабарлады, қосымшаға кез келген қаланы орнатуға болады.Google Play - 2ГИС қосымшасы жүктелген жалғыз дүкен емес екенін де аталған қызметтің әкімшілігі нақтылай кетті. Қосымша Huawei App Gallery, Samsung Galaxy Store, Xiaomi get apps, сондай-ақ Cash Store, KZ Market және Restore интернет дүкендерінде орналастырылған. Сонымен қатар, қосымшаны 2ГИС сайтынан жүктеуге де болады. "Сбербанкке" тиесілі қосымшалар қаржы ұйымы санкциялар тізіміне енгізілгеннен кейін көп ұзамай Google Play және App Store дүкендерінен алынып тасталды.