Горилла іштің бе: Талғар ауданында 5 бала неден уланды?

Алматы облысында оқу жылының аяқталғанын күтпей мектепте сырлау жұмысы жүріп, оқушыларға кесірі тиді. Бояудың иісіне 5 бала уланып, 2 жеткіншек ауруханаға түсті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.- Мектеп бөлмелеріне сырлау жұмыстары жүргізілген. Соның кесірінен менің балам талып жатыр. Міне №15 мектепте 7-сыныпта оқитын менің ұлым жедел жәрдемде жатыр, - дейді оқушының ата-анасы. - Горилла іштің бе? - Ондай нәрсе ішпейді. Мен бұған тиын да бермеймін. Міне, баланың жағдайы нашар, - деді анасы. Соңғы қоңырау соқпай жатып, кабинеттері сырланған мектепте бояу иісінен 5 оқушы ұшынып, бір жеткіншектің ауруханада ем алуына тура келді. Оқиға Талғар ауданына қарасты Жалқамыс ауылында болған. Анықталғандай, білім ордасында табан асты еден сырлап, қабырға бояуды ауысып келгеніне 1 аптадай ғана болған директор тапсырған. "Кабинеттің тазалығын қаладым" деген ол иістің кетпей қалуына ауа-райын себеп қылды. - Жұма күні жұмыс аяқталғаннан кейін, балалар тараған соң, жуып тазалап, ақтап, боядық. Сол күні ауа-райы аздап салқын болды. Біздің есебімізше, күн ыстық болса тез кеуіп кетер еді. Күн салқын болған соң, бояу баяу кепті, - деді Жалқамыс ауылы №15 жалпы білім беретін орта мектептің директоры Гүлназ Әліғожаева. Мектеп қызметкерлерінің айтуынша, сол күні 2 кабинет қана сырланған. Бірі қабылдау бөлмесі, ал екіншісі оқушылар сыныбы. Директор өз жоспарын аудандық білім бөліміне де, сонда оқитын балалардың ата-аналарына да хабарламапты. Бояу сіңбей жатып кабинетте сабақ та өткізілген. Басы дауға қалған директордың айтуынша, мұнда 0-сынып балалары оқып келген. Бірақ қазір, шудан кейін, кабинет толық жабық тұр. Білім ордасының қызметкерлері бір емес, бірнеше баланың уланғанын мойындағысы келмейді. Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы басы айналған 5 оқушыға да "Бояу иісінен улану" диагнозы қойылғанын мәлімдеді. - Жалғамыс дәрігерлік амбулаториясына №15 орта мектепте оқитын 5 оқушы жүрек айнуы, бас ауруы және бас айналуы туралы шағымдармен түсті. Диагноз: бояу иісінен улану, - дейді Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің жетекшісі Ләйлім Әубәкірова. Иістенген 5 бала да үйіне жіберілді. Шу шыққан білім ордасында сабақтар өтіп жатыр. Мектеп директорының ісіне қатысты тексеріс тобы құрылды. - Директорды ақтап жатқан жоқпыз. Ісі дұрыс болмаған соң келіп отырмыз. Ол кісіден түсініктеме аламыз, алып та қойдық. Одан кейін мұғалімдерден не себепті сырлау жүргізілгенін, неге осылай болғанын анықтаған соң сіздерге толық ақпарат береміз, - деді Талғар аудандық Білім бөлімінің әдіскері Нұрлан Үкібасов. Ішкі тексеріс жүргізуге келген маманның айтуынша, жоспардан тыс сырлау-әктеу жұмыстарына қаржы қайдан табылғаны да анықталады. Ал директор жоспарының демеушілердің көмегімен іске асқанын айтып отыр. Мәлім болғандай, Жалқамыстағы жалғыз мектепте орын да тапшы. 300 балаға арналған білім мекемесінде 900-ге жуық оқушы дәріс алады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Министр Мұрат Нұртілеу Иран халқына көңіл айтты
"Көйлегіңіз біртүрлі болды". Туған күнін ерекше стильде атап өткен актриса сынға қалды
Үндістанда әуеде ұшақ өртенді
Әлемге әйгілі компания Қазақстанның Әділет министрлігін сотқа берді
Үндістанда әуеде ұшақ өртенді
Өңдеу өнеркәсібін дамыту мәселелері талқыланады
"Өзінен аумай қалған". Әйгерім Қалаубаеваның қызы талантымен көпшілікті сүйсіндірді
Стратегиялық серіктестік қарқынды дамуда
"Жақсы жұп болар еді". Ақбота-Нұр мен Қуандық Рахым оқырмандарын ойландырып қойды
Ақтөбе облысында 150 мыңнан балаға жазғы демалыс ұйымдастырылады
"Өзімді енді тапқандай болдым". Ләйлә Сұлтанқызы көпшілікке сырын ашты
Министр Мұрат Нұртілеу Иран халқына көңіл айтты
«Болашақ» бағдарламасымен Лондонда оқып келген Айгүл Иманбаеваны әуежайдан тосынсыймен күтіп алды
"Тойынғандық". Мейрамбек Беспаевтың желідегі видеосы көпшіліктің ашуын келтірді
Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында бөгетті нығайту жұмыстары жалғасуда
Мұрат Нұртілеу Иран Президентінің қазасына орай көңіл айту жеделхатын жолдады
Ақылды адамдар тойға бармайды: Омар Жәлелдің пайымы көпшілікті тағы шулатып жатыр
"Өзара келісім бойынша жасалған". Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам сотталды
Жайық өзенінде су деңгейі тағы көтерілді
Ғ.Мүсірепов атындағы театрда «Апалы-сіңлілі үшеу» драмасының тұсаукесері өтті
Көкшетауда бала асырап алғандар науқас қызды дәрігерге де, мектепке де апармаған
Маңғыстауда дәрілік заттарды таңбалау және қадағалауды енгізу жоспарланды
Жер сілкінісі кезінде не істеу керек? – Алматыда жалпықалалық сейсмикалық жаттығу өтеді
Ақтауда 700-ге жуық жас жауынгер ант берді