Ғылым және жоғары білім министрлігі екі күн ішінде грант конкурсына талапкерлерден 30 мыңнан астам өтініш келіп түскенін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Талапкерлердің таңдауы ішінде ең сұранысқа ие бағыты ретінде «Педагогикалық ғылымдар» қалып отыр, оған 8 мыңға жуық оқуға түсуші құжат тапсырған. Екінші орында орналасқан «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салаларына» 6 мыңнан астам өтініш қабылданды. Қызықты топ-3 бағытқа «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» бағыты кірді. 5 мыңға жуық адам IT саласына түсуді жоспарлап отыр. «Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына өтініштер қабылдау 20 шілдеге дейін жүргізіледі. Құжаттарды қабылдау еGov арқылы онлайн форматта немесе жоо-лардың қабылдау комиссиялары арқылы офлайн форматта жүзеге асырылады. Сондай-ақ, ЖОО-да виртуалды қабылдау комиссиясы жұмыс істейтін болады. Құжаттарды кез келген жоо (орналасқан жері бойынша) арқылы тапсыруға болады»,- делінген министрлік мәліметінде. Естеріңізге сала кетсек, 135 мың адам ҰБТ-да шекті балл жинаған, олар грант конкурсына қатыса алады.