Грекияда екі пойыз соқтығысып, 26 адам қаза тапты

Грекияда жолаушылар мен жүк пойызының соқтығысуы салдарынан кемінде 26 адам қаза тауып, 85 адам жараланды.Шетелдіа ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, елдің құтқару қызметі сәрсенбіге, яғни 1 наурызға қараған түні екі пойыз соқтығысып, кем дегенде 26 адам қаза тауып, тағы 85 адам жарақат алғанын мәлімдеген. ERT NEWS жаңалықтар арнасының эфирінде өртке қарсы қызмет өкілі Василис Ватракояннис Афиныдан 370 шақырым жердегі Лариса қаласының маңында жолаушылар мен жүк пойыздары соқтығысқанын хабарлаған. Жол апатынан кейін 270 жолаушы медициналық көмекті қажет етпегендіктен эвакуацияланып, автобуспен Салоникиге жөнелтілді. Екі пойыздың бір жолға түсіп кетуінің себептері әлі анықталған жоқ. Қазіргі кезде құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Аймақ губернаторы Костас Агорастос жараланғандар мен қаза тапқандар саны артуы мүмкін екенін айтты. Оның айтуынша, жолаушылар пойызының төрт вагоны рельстен шығып кеткен, ал алғашқы екеуі«толық қираған» деуге болады. Апат болған кезде пойызда шамамен 350 жолаушы болған.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Сөздегі емес, істегі нәтиже маңызды
Абай облысының полицейлері жоғалған баланы анасына қайтарып берді
Қазақстанда жаңа 2 000 теңгелік банкноталар пайда болады
Қара жәшік табылды
Қанат Бозымбаев ұшақ апаты туралы мынадай деректерді ұсынды
Ұшақ апатынан зардап шеккендердің туыстарына қайда хабарласу керек
Түркі жұртына ортақ тұлға
Насыр – үздік баяншы
Қазақстанда жаңа 2 000 теңгелік банкноталар пайда болады
«Әуе апаты кездейсоқ болмайды»: Экс-шенеуніктің жазбасы елді ойландырып қойды
Ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың аты-жөні жарияланды
«Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК директорына қатысты тергеу аяқталды
Сөздегі емес, істегі нәтиже маңызды
Теңіздің екінші тынысы ашыла ма?
Бізге керегі – заң мен тәртіп
Қазақстан Арменияға ет экспорттай бастады
Шаттыққа толы шыршатой
Жол үстінде көліктерін “билеткен“ павлодарлық жүргізушілер жауапқа тартылды
Көшпелі жиын өтті
Мәжіліс биылғы жұмысын қорытындылады
Тұрғындарды алаңдатқан сауалдар
100-ге жуық шетелдік такси жүргізушісі елден шығарылды
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
Cауда үйінің қызметкері зейнеткердің шотынан ірі көлемде қаражат ұрлаған