Грекияның көптеген аудандары мен Родос аралдарындағы қарағайлы орман өртке оранды. Мыңдаған жергілікті тұрғын мен туристер үйлері мен қонақүйден эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап. Аралдың шығысындағы жағдай тіпті қиын. Жағажайдағы адамдарды жеке қайық пен жағалау күзеті кемелері эвакуациялап жатыр. Ақпарат бойынша, туристер арасындағы танымал жерге Грекия флотының кемесі де бара жатыр. Грекияның өрт күзеті басшысының орынбасары қазір қызметкерлері елдің көптеген ауданындағы өртпен күресіп жатыр, бірақ ең күрделісі Родос аралдары болып тұр. Киотари ауданында үш қонақүйді өрт шарпыды. Оны сөндіру үшін 5 тікұшақ пен 173 өрт сөндіруші жұмыс істеп жатыр. Кеше Родосқа жергілікті командаға көмектесу үшін Словакиядан өрт сөндірушілер жетті. Бүгін Грекияда тіптен аптап ыстық болуы мүмкін. Метеорологтар температура 45°C дейін көтерілуі ықтимал екенін ескертті. Грекия ұлттық метеорология қызметінің дерегінше, аптап ыстық жексенбі күні шарықтау шегіне жетеді. Ең қиыны, дүйсенбі күні үзілістен кейін Грекияда ыстықтың екінші толқыны басталып, келесі жексенбіге дейін жалғасады.