Абай облысында GTA ойынына ұқсас оқиға видеоға түсіп қалды. Мас күйінде көлік тізгіндеген жасөспірім оны тоқтатқысы келген полицейлерден жасырынуға тырысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтының Telegram-арнасына сілтеме жасап.Өткен түнде полицейлер көзге түскен ВАЗ көлігінен тоқтатуды талап еткен, бірақ тоқтаудың орнына жүргізуші жылдамдығын көбейтіп, жасырынуға тырысқан. Полиция қызметкерлері көліктің соңынан қуып, 20 минуттан кейін қызметтік УАЗ-бен жолды жабу арқылы жігітті ұстаған. "Көлікті 17 жастағы алькогольдік сусынға мас жасөспірім жүргізген. Құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деп жазылған Telegram-арнада.