4 мамырда Астанада кәсіпкер Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдыға қатысты үкім шықты. Гүлмира Сатыбалды 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.Сот үкімін судья Кемеңгер Имашев оқыды. "Сатыбалды Гүлмира Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 389-бабының 4-бөлігімен көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Сатыбалды Гүлмира Қылмыстық кодекстің 28-баптың 3-бөлігімен және 125-бабының 2-бөлігінің 1.8-тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылсын. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 58-бабының 3-бөлігі негізінде аса ауыр емес жазаны қолдану арқылы, мүлкін тәркілеусіз 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Соңында Гүлмира Сатыбалды 7 жылға бас бостандығынан айырылды", - деді Кемеңгер Имашев. Сонымен қатар ҚР Қылмыстық кодексінің 49-бабы негізінде мемлекет басшысына мемлекеттік награда – «Құрмет» орденінен айыру туралы ұсыныс енгізу ұсынылды.