Гүлзира Айдарбекова кіші ұлы Заңғардың тойына қызу дайындық жасауда. Бұл туралы продюсер Instagram парақшасында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ "Барлық ана "келін түседі" деп шапқылаймыз ғой. Алла қаласа, қарт күнімізде біз үшін "анашым" деп төрге отырғызып, той жасап, шын жүрегіммен елпілдеп жүгіретін адал келін түссін деп Алладан тіледім", - деп жазды Гүлзира Айдарбекова.Осыған дейін де Гүлзира Айдарбекова жаңа келінге алған ыдыстарын көрсеткен болатын.Айта кетейік, осыған дейін Гүлзира Айдарбекованың кенже ұлы Заңғар көпшілікке жаңа сүйіктісін таныстырған болатын.Ал осыдан кейін продюсердің күйеуі Нұртас Айдарбеков ұлының "тәтті шайы" өткенін және болашақ құдаларының оңтүстіктен екенін айтқан болатын.