"Ғылым мықты болса, мемлекетте қуатты болады",- Қ.Тоқаев

"Ғылым мықты болса, мемлекетте қуатты болады",- Қ.Тоқаев

"Ғылым мықты болса, мемлекетте қуатты болады". Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңес отырысында осылай деген мемлекет басшысы шетте жүрген Қазақстан ғалымдарын елге шақырды. Олардың отандық ғылымды дамытуға сүбелі үлес қосып, серпін беретініне сенім білдірді. Саладағы сан мәселе қозғалған жиынды тілшіміз Бекболат Сатуов баяндайды. Алдымен Президент ғылым күнімен құттықтады. Бұдан өзге, бүгінгі күн ғұлама ғалым, заңғар тұлға Қаныш Сәтбаевтың туған күнімен тұспа-тұс келіп отырғанын айтты. Биыл Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл. Президент академикті қазақ ғылымының атасы деді. Содан соң, Президент еліміздегі су тасқынына байланысты қалыптасқан қазіргі ахуалға тоқталды. Табиғаттың тосын мінезі елдегі мамандар мен ғалымдардың тапшылығы айқын көрсетті. Сондықтан ең әуелі ғылымның әлеуетін техногендік және табиғи апаттарды болжау, климаттың өзгеруіне қарсы күресу үшін барынша пайдалану маңызды. Ол үшін біз Тараздағы гидромелиоративтік-құрылыс институтын қайта қалпына келтіру жөнінде шешім қабылдадық деді,-президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Ашығын айтсақ, төтенше жағдайдың алдын алу ісінде айтарлықтай олқылықтар бар. Бұл – жылдар бойы шешімін таппаған мәселелер. Ең алдымен – білікті мамандардың тапшылығы. Тиісті ғылыми қорытынды сапалы жасалмайды. Сондықтан, жұмыс тәсілін түбегейлі өзгерту керек. Бұдан бөлек, Президент энергетикалық апатты, эпидемияны, қуаңшылықты болжау және оның алдын алу мәселесінің маңыздылығын атап өтіп, жауапты министрліктерге тиісті саланы, ал әкімдіктерге аймақтарды дамыту бағдарламаларын қайта қарау міндетін жүктеді. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Тағы да қайталап айтқым келеді, мемлекеттік органдар барлық істе, ең алдымен, сапалы ғылыми қорытындыға сүйенуі керек. Бұл – өте маңызды міндет. Шешімдер әбден пысықталып, нақты негізделіп барып, қабылдануға тиіс. Талдау жүргізіп, ахуалды болжау үшін ғалымдардың қолында, зерттеу орталықтарында қажетті құрал-жабдықтар болуға тиіс Салада қордаланған мәселе жетерлік. Бастысы, кадр тапшылығы. Ғылыми жұмыстардың сапасыздығы, өндіріс орындарымен тұрақты байланыстың жолға қойылмағаны да кедергі болып тұр. Президент осы секілді түйткілдерді тізіп, Үкіметке жағдайды түзеу үшін арнайы бағдарлама әзірлеуді тапсырды. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Жалпы университеттер мен ғылыми ұйымдар елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосатын стратегиялық орталық болуы керек. Жалпы еліміздегі жоғары білім саласын дамытуға тозығы жеткен инфрақұрылым да бөгет болып отыр. Жасанды интеллектіні дамыту бүгінгі күннің талабы. Бұл бағытта Үкімет Жасанды интеллектіні дамыту стратегиясын және Цифрлық кодексті әзірлеп жатыр. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Бұл құжаттар аталған саладағы зерттеу жұмыстарына және әзірлемелерді іс жүзінде қолдануға жағдай жасауы керек. Сондай-ақ бизнес пен жоғары оқу орындары үшін технологиялық инфрақұрылымдар мен мәліметтер базасын қолжетімді етуге тиіс. Жасанды интеллектіні адамзат игілігіне қызмет ету үшін дамыту маңызды. Сондықтан этикалық стандарттарды белгілеу, мәліметтерді қорғау және осы саладағы киберқауіптің алдын алу ісіне ерекше мән берген жөн. Дербес тіл моделін әзірлеу – жасанды интеллект саласындағы болашағы зор бағыттың бірі. Қазір қазақ тілі моделін жасау жұмысы қолға алынып жатыр. Осы жұмысқа сегіз ғылыми-зерттеу институты мен жоғары оқу орнынан тұратын консорциум тартылған. Мемлекет басшысының пікірінше, тағы бір маңызды мәселе – еліміздегі жоғары оқу орындары арасында өңірлік теңсіздік. Мықты университеттердің көбі Астана мен Алматыда орналасқан. Бұл ішкі көші-қон жүйесінің бұзылуына және өңірлердегі кадр тапшылығына әкеп соқтырады. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Өңірлік университеттердің ғылыми әлеуетін жас ғалымдар күшейте алады. Мұны дамыған мемлекеттердің тәжірибесі көрсетіп отыр. Себебі олар мобильді әрі өзгерістерге тез бейімделеді. Оларды өңірлік жоғары оқу орындарында еңбек етуге және зерттеу жұмыстарын жүргізуге ынталандыратын пәрменді механизмдер қажет. Жалпы, Үкімет ел аумағындағы ғылыми орталықтар мен институттарды қолдап, дамыту үшін қажетті шаралардың барлығын қабылдағаны жөн Президент ғылымның кадрлық әлеуетін күшейту туралы сөз қозғай отырып, жас ғалымдарды жан-жақты қолдаудың маңыздылығына ерекше тоқталды. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Грант арқылы жүзеге асырылатын жобалардың үштен бірі жас ғалымдарға тиесілі. Әрине, мұндай жобалардың санынан гөрі, сапасы маңызды. Жыл сайын жас ғалымдарға байқаулар арқылы берілетін гранттың қаржы көлемін арттыру керек. Қазір жас ғалымдарымыз әлемдегі жетекші зерттеу орталықтарында стажировкадан өте алады. Бұл – жақсы үрдіс. Мемлекет басшысы қазір Парламентте «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң жобасы талқыланып жатқанын атап өтіп, бұл құжат ғылымның дамуына зор серпін беретініне сенім білдірді. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Кезінде халқымыздың көрнекті тұлғалары мен қайраткерлерінің де ағартушылықпен айналысқаны тегін емес. Қазір жас ғалымдардың заманы туды. Сіздер ұсынған, ойлап тапқан жобалардың игілігін бүкіл еліміз көруі керек. Бір сөзбен, Сіздер сияқты ғалымдар Отанымыздың ғылыми-техникалық даму көшін бастауы керек. Себебі, ғылым мықты болса, мемлекет те қуатты болады Қасым-Жомарт Тоқаев сөз соңында халқымыз бұдан да күрделі кезеңдерді еңсерген. Бәрін берекелі бірліктің арқасында жеңе білген. Қазіргі жауапты сәтте де мызғымас ынтымағымыз айқын көрініп отыр. Осы ауызбіршілігімізден айырмасын, барлығын да еңсереміз деп аяқтады.

  Жамбыл облысында прокуратура қызметкері  алаяқтық жасаған
Жамбыл облысында прокуратура қызметкері алаяқтық жасаған
  • aikyn
Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығына орай мерейтойлық марафон басталды
Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығына орай мерейтойлық марафон басталды
  • baq.kz
«Транс боксшыдан жеңілдім»: Ангелина Лукас неліктен Олимпиадаға бара алмағанын айтты
«Транс боксшыдан жеңілдім»: Ангелина Лукас неліктен Олимпиадаға бара алмағанын айтты
  • 1bol.kz
Адамның мінезі оның ғұмырының ұзақтығына әсер етеді
Адамның мінезі оның ғұмырының ұзақтығына әсер етеді
  • aqshamnews
Белгілі «Яшлык» ансамблі 50 жылдық мерейтойын атап өтті
Белгілі «Яшлык» ансамблі 50 жылдық мерейтойын атап өтті
  • aqshamnews
Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығына орай мерейтойлық марафон басталды
Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығына орай мерейтойлық марафон басталды
  • aqshamnews
 «Астана» мен «Челси» арасындағы ойынның билеттері сатылымға шығады
«Астана» мен «Челси» арасындағы ойынның билеттері сатылымға шығады
  • aqshamnews
Бүгін - әскери-ғылыми қызметкерлер мен педагогтар кәсіби мерекесі
Бүгін - әскери-ғылыми қызметкерлер мен педагогтар кәсіби мерекесі
  • aqshamnews
Илон Маск қайтадан жер бетіндегі ең бай адам атанды
Илон Маск қайтадан жер бетіндегі ең бай адам атанды
  • aqshamnews
Әлем чемпионатында еліміздің әскер спортшылары үш алтын және төрт қола олжалады
Әлем чемпионатында еліміздің әскер спортшылары үш алтын және төрт қола олжалады
  • aqshamnews
Еліміздің сейсмологтары үш рет жер сілкінісін тіркеген
Еліміздің сейсмологтары үш рет жер сілкінісін тіркеген
  • aqshamnews
Жексенбіге жасалған күн райының болжамы
Жексенбіге жасалған күн райының болжамы
  • aqshamnews
Шымкентте пәтерлердің бірінен қария өлі табылды
Шымкентте пәтерлердің бірінен қария өлі табылды
  • Massaget
Көкшетау тұрғыны алаяқтардан 1 миллион теңгесін қайтарып алды
Көкшетау тұрғыны алаяқтардан 1 миллион теңгесін қайтарып алды
  • baq.kz
Шыңғысхан кезінде Қазақ елі деген мемлекет болған жоқ – Саясаткер
Шыңғысхан кезінде Қазақ елі деген мемлекет болған жоқ – Саясаткер
  • sn.kz
Түркияда жолаушылар автобусы фурамен және жеңіл көлікпен соқтығысты
Түркияда жолаушылар автобусы фурамен және жеңіл көлікпен соқтығысты
  • el.kz
  Ақтөбе облысында су тасқыны кезінде пара алған экс-шенеунік сотталды
Ақтөбе облысында су тасқыны кезінде пара алған экс-шенеунік сотталды
  • aikyn
Серік Сәпиев мемлекеттік қызметке қайта оралды
Серік Сәпиев мемлекеттік қызметке қайта оралды
  • baq.kz
Иорданияда Израиль елшілігінің жанында атыс болды
Иорданияда Израиль елшілігінің жанында атыс болды
  • halyq-uni
Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев мемлекеттік қызметке оралады
Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев мемлекеттік қызметке оралады
  • Massaget
Қостанайда ит қапқан 13 адамнан құтыру диагнозы анықталды
Қостанайда ит қапқан 13 адамнан құтыру диагнозы анықталды
  • arbatmedia.kz
  WhatsApp-тағы дауыстық хабарламаны мәтін түрінде оқуға болады
WhatsApp-тағы дауыстық хабарламаны мәтін түрінде оқуға болады
  • aikyn
Павлодарда 10 күн бұрын жоғалған әйел табылды
Павлодарда 10 күн бұрын жоғалған әйел табылды
  • Massaget
Жетісуда жабайы сауда көбейген
Жетісуда жабайы сауда көбейген
  • baq.kz
Магические прогнозы. Шоу “Расклад” продолжает гадать на спорт
Магические прогнозы. Шоу “Расклад” продолжает гадать на спорт
  • Smi24
Серік Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды
Серік Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды
  • turkystan
Серік Сәпиев жаңа лауазымды қызметке тағайындалды
Серік Сәпиев жаңа лауазымды қызметке тағайындалды
  • 1bol.kz
Серік Сәпиев – Қарағанды облысы спорт басқармасының басшысы
Серік Сәпиев – Қарағанды облысы спорт басқармасының басшысы
  • el.kz
Ақтөбеде су тасқыны кезінде пара алған экс-шенеунік сотталды
Ақтөбеде су тасқыны кезінде пара алған экс-шенеунік сотталды
  • turkystan
Ақтөбе облысында тағы бір сарбаз өзіне қол салды
Ақтөбе облысында тағы бір сарбаз өзіне қол салды
  • qaz365.kz
Қазақстандық файтер бір соққыдан сұлап түсті (ВИДЕО)
Қазақстандық файтер бір соққыдан сұлап түсті (ВИДЕО)
  • penalty
Нұрбек Оралбай: Үйленетін қыз іздеп жүрмін
Нұрбек Оралбай: Үйленетін қыз іздеп жүрмін
  • penalty
Қорғаныс министрлігі елорда тұрғындарына үндеу жасады: 23 қараша 2024, 15:54 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Қорғаныс министрлігі елорда тұрғындарына үндеу жасады: 23 қараша 2024, 15:54 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
“ҚТЖ-Жүк тасымалы“ филиалы депосының бастығы сотталды: 22 қараша 2024, 09:47 - жаңалықтар Tengrinews.kz
“ҚТЖ-Жүк тасымалы“ филиалы депосының бастығы сотталды: 22 қараша 2024, 09:47 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Премьер-министр Қазақстанда шұғыл жиын өткізді
Премьер-министр Қазақстанда шұғыл жиын өткізді
  • TengriNews
Экс-министр Марат Бекетаевтың ұсталуы
Экс-министр Марат Бекетаевтың ұсталуы
  • TengriNews
Желтоқсанда көптеген қазақстандық үшін ұялы байланыс пен интернет қымбаттайды
Желтоқсанда көптеген қазақстандық үшін ұялы байланыс пен интернет қымбаттайды
  • TengriNews
WhatsApp-та тағы бір пайдалы функция пайда болады
WhatsApp-та тағы бір пайдалы функция пайда болады
  • TengriNews
Психосинтездегі тұлғаның даму мәселесі. Ұжымдағы тұлғаның «менінің» рөлі
Психосинтездегі тұлғаның даму мәселесі. Ұжымдағы тұлғаның «менінің» рөлі
  • bugin.kz
Сапа қашан жақсарады? Министрге ұялы байланыс операторлары туралы сұрақ қойылды: 21 қараша 2024, 11:01 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Сапа қашан жақсарады? Министрге ұялы байланыс операторлары туралы сұрақ қойылды: 21 қараша 2024, 11:01 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Димаш Құдайберген Прагадағы концертінде 9 жасар жанкүйерімен бірге ән шырқады
Димаш Құдайберген Прагадағы концертінде 9 жасар жанкүйерімен бірге ән шырқады
  • el.kz
Роза Рымбаеваның Дильназ Ахмадиеваның әкесімен айтқан әні көпшілікті тамсандырды
Роза Рымбаеваның Дильназ Ахмадиеваның әкесімен айтқан әні көпшілікті тамсандырды
  • el.kz
Бүгін танымал актер Бауыржан Ибрагимовтың туған күні
Бүгін танымал актер Бауыржан Ибрагимовтың туған күні
  • sn.kz
«Жылы сөз естімегелі көп болды»: Гүлзира Айдарбекова жұртты ойландырып қойды
«Жылы сөз естімегелі көп болды»: Гүлзира Айдарбекова жұртты ойландырып қойды
  • sn.kz
Серік Сәпиев басшылық қызметке ұсынылды
Серік Сәпиев басшылық қызметке ұсынылды
  • halyq-uni
Ақтөбе облысында жол-көлік апатынан бір адам қаза тапты
Ақтөбе облысында жол-көлік апатынан бір адам қаза тапты
  • almaty_tv
Илон Маск өзінің әлемдік рекордын жаңартты
Илон Маск өзінің әлемдік рекордын жаңартты
  • turkystan
Жамбыл облысында қария мен 4 немересі өрттен құтқарылды
Жамбыл облысында қария мен 4 немересі өрттен құтқарылды
  • almaty_tv