Ғылым саласына өзгерістер енгізілмек

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым  академиясының базасында форсайттық зерттеулер мен технологиялық болжау негізінде және дамудың әлемдік трендтерінің, еліміздің ғылымының, экономиканың нақты жай-күйін бағалау арқылы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын айқындаудың объективті жүйесі енгізілетін болады. Бұл туралы Басқарма Президенті Ақылбек Күрішбаев айтты. "Біздің ұстанымымыз - Академия кезекті ғылым әкімшілігіне айналмауы тиіс және министрліктің жұмысын қайталамауы керек. Қазіргі Академияның өзіндік бірегей миссиясы бар, ол - ғылымды басқару саласындағы жүйелі олқылықтардың орнын толтыру. Оның жаңа миссиясының негізі - қазақстандық ғылымның дамуына үлес қосқысы келетін және үлес қосуға қабілетті жетекші ғалымдарды біріктіру. Біздің басты пайымымыз  - тәуелсіз ұсыныстарын беретін автономды, беделді сараптамалық ғылыми ұйым болуға ұмтылу",-деді А.Күрішбаев. Сондай-ақ,  ең өзекті мәселе - ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын анықтау.  Ақылбек Күрішбаевтың айтуынша,   технологиялық тұрғыдан дамыған елдердің тәжірибесімен салыстырғанда, біздің елде басымдықтар көп жағдайда қаржыландыруды негіздеуге қызмет етеді және мемлекеттің қажеттіліктеріне емес, ғалымдардың мүмкіндіктеріне қарай бағытталған."Біздің ғылымымда заманауи базалық құзыреттерді дамытуға ықпал ететін және қолданбалы әзірлемелердің жоғары деңгейін іске асыру үшін негіз болатын, елдің зияткерлік әлеуетінің тұрақты түрде жоғарылауын қамтамасыз ететін іргелі ғылыми зерттеулер үшін тиісті жағдайлар жасалмаған. Сондықтан біз үздік әлемдік тәжірибеге бейімдей отырып, ғылыми зерттеулерді ұйымдастырудың жаңа форматын ұсынуымыз керек",-деді Басқарма Президенті. Сонымен қатар, Академия жетекші ғалымдармен бірлесіп, ел дамуының маңызды әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге бағытталған пәнаралық мегажобалар бойынша ұсыныстар енгізетін болады, ол іргелі негіздерді қалыптастырудан бастап оны тәжірибе жүзінде қолдануға дейінгі барлық аспектілерді қамтитын вертикальды интеграцияланған нысанда құрылады. Қазір ғылыми дәрежесі бар қызметкердің орта жасы - 57және одан да жоғары, қызметкерлердің 15% - ы зейнеткерлік жасқа жеткен. Сондықтан, Академияның басты міндеті-талантты жастарды тарту орталығына айналу. Сонымен қатар, Қазақстанның ғылымын құрған, оның дамуына елеулі үлес қосқан жетекші ғалымдарды ұмытпауымыз керек. Бізге олардың тәжірибесін пайдалану қажет."Академияның толық мүшесі болу - тек құрметті атақ қана емес, ең бастысы отандық ғылымды әлемдік деңгейге шығару жолындағы үлкен қажырлы жұмыс екенін баса атап өткен жөн. Бұл - ғылымда айтулы жетістіктері бар, заманауи құзыреттіліктерді игерген көрнекті ғалымдар болуы тиіс. Сондықтан конкурс қалай өтеді және кім Академия мүшесі болады деген сұрақ қазақстандық ғылымның болашағы үшін түбегейлі маңызды",-деді А.Күрішбаев. Жалпы, отандық ғылымды дамыту үшін ғалымдардың мәртебесін лайықты деңгейде көтеру қажет. Ол үшін заңнамалық базаға өзгерістер енгізу керек. Өкінішке қарай, осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының жоғары ғылыми ұйым ретіндегі құқықтық мәртебесі заңнамалық деңгейде айқындалмаған, оның басқару нысаны, функциялары, сондай-ақ қаржыландыру көздері реттелмеген.Бұл  мәселелер жақында Мәжіліс қарауына енгізілген «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Заң жобасына ұсыныстар ретінде қамтылған.   

Читать источник astanatv.kz/kz/
Шерзат Болатты өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталуға жақын
Мәжіліс төрағасы Ресей Федералдық жиналысы федерация кеңесінің төрайымымен кездесті
2025 жылы "Ауыл аманаты" бағдарламасына 50 млрд теңге бөлінеді
Шымкентте күн күрт суытады, Алматы мен Астанада қар жауады
«Муфаса. Арыстан патша»
Терроризм туралы жалған хабарлама таратқандар қатаң жазаланады
Мемлекет басшысы Үштөбе қаласында орналасқан Кемел Тоқаев атындағы орта мектепке барды
Жаңа электропойыз «Астана — Боровое» маршруты бойынша жүре бастады
«Астана — Боровое» бағыты бойынша жаңа электропойыз жүре бастады
Президент Қаратал ауданының қорғаныс істері бөліміне барды
Air Astana серіктестерді ESG-ге қосқан үлесі үшін марапаттады
Қазақстандықтар eGov Mobile арқылы Қазпоштаның посылкаларын бақылай алады
Балаларға бастапқы білім беру капиталы
Құтқарушының құрметті жолы
Мемлекет басшысы Ескелді би ауылындағы спорт кешеніне барды
Су тасқынына қатысқан батыр Аят Сералиев «Жақсы адам-2024» сыйлығына ие болды
Жас өнерпаздарға қанат бітірген байқау
Биыл ел тұрғындары 1 млн-нан астам қымбат зерттеулерден өтті
Ресей шекарасында кептеліс не үшін туындады?
Алдағы мереке күндері елімізде қосымша теміржол пойыздары мен әуе рейстері іске қосылады
Назарбаев резиденциясының орнына халыққа арналған кешен салынбақ
Биыл елдегі үш ірі теміржол вокзалы толық жаңартылды
Қазақстанда «Tasqyn» ақпараттық жүйесі әзірленуде
Биыл Қазақстан волонтерлікті дамытуда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді