«Гендерлік теңдік – ел өркендеуінің кепілі». Осындай атаумен Шымкентте «AMANAT» партиясы қалалық филиалының жанындағы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен республикалық форум өтті. Шараның мақсаты - нәзік жандыларды ғылымға ынталандыру, қолдау көрсету. Бүгінде әлемде ғалымдардың 30 пайызын әйелдер құрайды. Ал бізде бұл көрсеткіш 54 пайыз. Бұл – елімізде бұрымдылардың білім алуына, ғылыми жолды таңдауда кедергінің жоқтығының көрінісі. Партияның бастамасымен өткен жылы барлық өңірде Әйелдер қанаты құрылып, белсенді жұмыс істеуде. Перизат ПАРМАНҚҰЛОВА, М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚУ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР ЖӘНЕ БАҒДАРЛАМАЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Жалпы мұндай шараларды жиі ұйымдастырып тұру біздің университетте қызмет жасап жатқан, ғылыми жобалармен айналысатын, өзінің өмірін осы ғылым жолына арнаған біздің ғалым әйелдеріміз үшін үлкен қолдау боп табылады. Бұл жерде әйел адамдардың орындалып жатқан жобалардағы әйел адамдардың үлесі -51 пайызды құрайды. Яғни осы ғылыми жобаларды, осы қаржыларды әкелуде , ғылыми жаңалық ашуда біздің ғалымдарымыздың әсіресе әйел ғалымдарымыздың еңбегі орасан зор.