Жеңіл салмақта UFC-дің бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедов UFC ұсынған 40 миллион доллардан бас тартқан. Бұл туралы оның командаласы Даниэль Кормье мәлімдеді, деп жазады Bassport.kz."Хабиб 40 миллион доллардан бас тартқанын айтты. Ол UFC-ге оралу үшін берілген 40 миллион долларды алмаған. Оның қанша жекпе-жекті меңзегенін білмеймін. "Мен 40 миллион доллардан бас тарттым. Мен спортты қойдым", - деді ол жай ғана", - деді Кормье. Айта кетелік, Хабиб Нурмогамедов 2020 жылы спорттық мансабын аяқтады. Ол ММА-де 29 рет жеңіске жетіп, бірде-бір рет жеңілмеген.