"Халқымыздың құндылықтар тізбесін анықтау қажет", – Динара Зәкиева

Халқымыздың белгілі бір құндылықтар тізбесін анықтау қажет. Бұл туралы Атырауда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева айтты, - деп жазды inform.kz.«Заманауи әлем таңқаларлық және алуан түрлі. Сонымен қатар бүгінгі әлем балалардың дүниетанымын қалыптастыруда белгілі бір қауіп-қатерлерге ие. Қазіргі таңда заңдылық пен тәртіп, еңбексүйгіштік пен бірлік қағидаттарын нығайту қажеттілігі көп айтылады. Расымен де құндылықтарды дәріптеу, әсіресе өскелең ұрпақ үшін өте маңызды әрі пайдалы. Бұл тұрғыда әріптестерімізбен шетелдік тәжірибені де зерттеп көрдік. Талдау барысында ұлттық бірегейлікті қалыптастырудың негізгі қағидаты – іргелі құндылықтарды ұлттық деңгейде бекіту екенін байқадық. Осылайша, біраз елде нақты белгіленген құндылықтар тізімі бекітілген», - деді уәкіл. Оның атап өтуінше, мәселен, британ халқының 5 құндылығы бар. Ол – заң үстемдігі, демократия, жеке бас бостандығы, өзара құрмет, төзімділік. Бұл құндылықтар мектеп бағдарламасына енгізілген және балалар кітаптарында бейнеленген. Сондай-ақ Сингапурда 5 ортақ құндылық, БАӘ-де адамгершілік тәрбиесінің 4 тірегі бекітілген. «Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Сіз де түрлі мінберлерде құндылықтар мен олардың маңызы жөнінде ұдайы айтып келесіз. Қоғам мұны жақсы қабылдайды. Соған негіздей отырып, халқымыздың белгілі бір құндылықтар тізбесін анықтау қажет деп санаймыз және бұл құндылықтарды балалардың бойына мектеп кезінен бастап сіңіру ұсынылады. Әрине, бұл бағытта тиісті ақпараттық жұмыс жүргізу қажет деп санаймыз. Әлбетте, тізім құндылықтардың бәрін қамти алмайды. Алайда, ол бала өмірінің айнымас темірқазығы, тура жолдан таймауға бағдар болатын шамшырағы бола алады. «Бала тәрбиесі басты байлығың, кешіксең көретінің қайғы-мұң», деп хәкім Абай айтқандай, ұрпақ тәрбиесі - ел болашағы», - деді Динара Зәкиева.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Универсиада-2025: Қазақстандық хоккейшілердің ойын кестесі белгілі болды
Күнбағыс майының алғашқы партиясы өңірлерге жөнелтіледі
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Тұман, көктайғақ күтіледі: Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Универсиада-2025: Қазақстандық хоккейшілердің ойын кестесі белгілі болды
Жабық жолға шыққан жүргізушілерге қандай жағдайда айыппұл салынады?
Нұрқожа Қайпанов: «Шавкат Белал Мұхаммедті сенімді түрде жеңеді»
Лоторея, тіс протезі: Өткен жылы Алматыда жоғалған ерекше заттар
Күнбағыс майының алғашқы партиясы өңірлерге жөнелтіледі
“ЭКҰ арқылы босанды“. Өмірқұл Айниязов ел білмейтін құпиясын ашты
Елімізде 12 судья қызметінен босатылуы мүмкін
Өскеменде үй саламыз деп 102 азаматты алдаған күдіктілер ұсталды
Тұман, көктайғақ: 6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Бүгін Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады
Алматыда орташа жөндеу жұмыстары 300 км жолды қамтиды
Қытайда метапневмовирус өршуі коронавирустан да қауіпті екені рас па?
«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» ұлттық байқауының қорытындысы шықты
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
АҚШ-тың экс-президентін ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 6 күнге созылады
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты