«Халық аманатын арқалау - үлкен жауапкершілік», - депутат

Бұл форумға республиканың барлық өңіріндегі «AMANAT» партиясының мәслихат депутаттары келді. Көтеріп жүрген мәселелері әртүрлі болғанмен, мақсаттары ортақ. Жергілікті тұрғындардың үмітін ақтау, проблеманың шешілуіне себепкер болу. Форум делегаттарымен Ақбота Базарбай тілдесті.Ақбота БАЗАРБАЙ, ТІЛШІ: Бүгін республиканың түкпір-түкпірінен «AMANAT» партиясының барлық деңгейдегі 2 мыңнан астам мәслихат депутаттары Елордада өтіп жатқан форумда бас қосты. Бұл шара республика бойынша алғаш өткізіліп отыр. Оған Мәжіліс депутаттары, қоғам қайраткерлері, партияның Саяси кеңесінің мүшелері, Үкіметтік емес ұйым өкілдері, «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері қатысуда. Форум барысында Мемлекет басшысының реформаларын жүзеге асыру тұрғысында өңірлерді дамытудың өзекті проблемалары мен мәслихаттардың өкілеттіктерін кеңейту мәселелері талқыланды. Мемлекет басшысының саяси реформаларының нәтижесінде Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының жұмысы біршама өзгерді. Әсіресе, жергілікті мәслихат депутаттарының өкілеттігі айтарлықтай кеңейді. Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Бұның алдында мәслихаттың депутаттары тек қана басқа жұмыстары бар, бұл тек қоғамдық қосымша жүктеме сияқты болған болса және көп мәселемен айналысуға уақыты да болмаса, қазіргі уақытта кем дегенде мәслихаттың тұрақты комиссияларының екі төрағасы толығымен таңертеңнен кешке дейін жұмыс істеп, мәслихатта отырады. Ол да мәслихаттың құзыретін арттыру үшін, мүмкіндігін кеңейту үшін жақсы мүмкіндік. Иә, өңірдің мұң-мұқтажын мәслихат депутаттары жақсы біледі, түсінеді. Форум - депутаттар арасында өзара қарым-қатынасты күшейтіп, біліктілік пен тәжірибе алмасуға мүмкіндік бермек. Бұл өңірлерде қордаланып қалған біраз мәселенің шешілуіне ықпал етеді, дейді Мәжілісмендер. Еділ ЖАҢБЫРШИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Өңірдегі мәселерді жергілікті аудан, қала, облыс мәслихаттарының депутаттарымен бірігіп шешкеніміз дұрыс. Себебі өңірдің мәселесін жоғарыдан біздер, төменнен олар бірігіп іске асыратын болсақ, ол министрліктерге байланысты, әкімдіктерге байланысты кейбір мәселелер бар, бюджет мәселесі бар деген сияқты. Кейбір маңызды мәселерді мүмкін жүйелі проблемаларды анықтап, заңға өзгеріс енгізу керек пе? Міне, осы жағынан біз төменгі деңгейдегі мәслихаттармен тығыз жұмыс жасасақ көптеген қордаланған мәселелерді шешуге мүмкіндік туады деп ойлаймын. Жұлдыз СҮЛЕЙМЕНОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Өңірлердегі «Әділетті Қазақстан» құрудың негізгі саяси тірегі бұл - мәслихаттардың депутаттары. Өздеріңіз білесіздер биыл бір мандатты округтардан сайланған, «AMANAT» партиясының айқын жеңісімен сайланған депутаттарымыз бар. Әр өңірден келген депутаттар жергілікті жердің мәселесін шешуге мұрындық болуы керек. Түркістандық Құлбатыр Мұсабек жас болса оны жақсы түсінеді. 21 жасында мандатқа ие болған ол туған жерінің коммуналдық мәселесін көтеріп жүр. Құлбатыр МҰСАБЕК, ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ: Бүгінгі мәселені Түркістан облысындағы қозғалып жатқан, сұранып жатқан халықтың өтініштері бойынша сол мәселелерді көтеріп, министрліктерге жеке-жеке қойып сондай мүмкіндіктер туып жатыр. Түркістан қаласында өзекті мәселе - канализация. Бізде әлі толық құрылып біткен емес. Сол мәселені көтерем деп келдім өз басым. Су жаңа облыс атанған Абай өңірінде де қанша жылдан бері қордаланып қалған мәселе көп. Үкімет пен құзырлылардан күтеріміз мол, айтарымыз да жеткілікті дейді келген делегаттар. Ермек ДАЙЫРБАЕВ, АБАЙ ОБЛЫСЫ АЯГӨЗ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ: Сол жақта тұрып, сол жақтың суын ішін жатқаннан кейін, сол жақтың мәселелерін көзімізбен көріп, қолымызбен ұстап жүрміз. Осы жолы да тиісті органдарға, басшыларға өзіміздің сұрақтарымызды қойсақ, жол мәселесіне байланысты, ауыз суға да байланысты, экономика, идеологияға да байланысты көптеген сұрақтарымыз бар. Маңғыстау облысының халқы да ауызсудан таршылық көріп отыр. Мәселенің шешімін табу үшін жергілікті депутаттар министрлермен кездесіп, жұмыстың жәй-жапсарын нақтыласақ дейді. Делегаттарды жылу мәселесі де толғандырады. Сұңғат ҚАНАЕВ, АҚТАУ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ: Ақтау қаласы бойынша ең басты мәселелердің бірі, ол - ауызсу мәселесі. Біздегі «Майек» ЖШС біздің Ақтау қаласы бойынша сумен қамтамасыз етіп отырған мекеме. Сол жерлердегі судың жетіспеушілігі қалаға. Оны өзіміздің министрлікте айтылды, талқыланды, «AMANAT» партиясы да сол мәселе бойынша жұмыс жасап жатыр. Ақтау қаласы бойынша одан да бөлек мәселелер бар. Ең басты мәселе осы жазғы, ертеңгі қысқы маусымға дайындалу. Су, жылу мәселелері. «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған Жол картасы бар. Онда өңірлерде 78 миллион шаршы метрлік жаңа тұрғын үйлер мен 300 мың орындық мектепке дейінгі ұйым, сондай-ақ 1 жарым миллион орындық мектеп бой көтеріп, ауылдар 100 процент ауызсумен қамтамасыз ету көзделген. Дәл осы жұмыстарды жүйелі атқаруға бұл форумның үлесі зор болмақ. Өйткені, жоспарды жүйелеп, мәселені тез шешу жолдары талқыланды. Бір жағынан депутаттар бір-бірімен тәжірибе алмасты. Бастысы, халықтың сенімін ақтау мақсатында аянбай еңбек ететіндіктерін жеткізді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстан Еуро-2026 іріктеу жорығын жеңіспен бастады (ВИДЕО)
Көкшетаулық зейнеткерлер жаңа жылдан бастап қоғамдық көлікте тегін жүретін болады
Өскеменде жылы аялдаманың шынысы қыздың үстіне құлап кетті
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Парламент президентке импичмент жариялады
Футбол алаңынан саясат алаңына
Павлодардағы «Майқайыңалтын» шахтасында жұмысшы қаза болды
Батыс Қазақстанда жаңа заманауи мектеп қолданысқа берілді
ТЖМ цифрлық форматта: ТЖ алдын алудың жаңа мүмкіндіктері
Түркістандық телеарна түркиямен бірлескен тележоба дайындамақ
Өскеменде бір ай бұрын жоғалып кеткен 18 жастағы қыз өлі табылды
Ұялы байланыс операторы тарифтерінің қымбаттауы: Шешім қандай
2027 жылы бокстан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
Енесі мен күйеуінен қорлық көрген танымал блогер 8-қабаттан секіріп көз жұмды
Екі облыста жол жабылды
Төтеншеліктер балық аулау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін ескертті
Жексенбіде елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады
Бірқатар шенеунікке нашар жол үшін 16 миллион теңге айыппұл салынды
Республикалық жас пианистер байқауының жеңімпаздары анықталды
«Майқайыңалтын» кенішінде жұмысшы қаза тапты
Садриддин Ахмедов АҚШ-та жеңіске жеткеннен кейін марқұм Шерзат Болат туралы айтты
Алматыда ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Джанысбек Құсманғалиевке ескерткіш тақта ашылды
Алматыда ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Жанысбек Құсманғалиевке ескерткіш тақта ашылды
«Astana Piano Passion» республикалық жас пианистер байқауының жеңімпаздары анықталды