Халық елдегі орташа жалақыдан төрт есе аз алады. Мәжіліс депутаттары "AMANAT" фракциясының кеңейтілген отырысында осылай деді. Партиялықтар жұмыссыздық туралы жасалған статистиканың шындыққа жанасатынына күмән келтірді. Өйткені, 10 жылдың ішінде ешқандай өзгеріс болмаған. Еліміз пандемия мен экономикалық дағдарысты бастан кешіргенін ескерсек, бұл адам сенгісіз мәлімет. Атқарушы хатшы Елнұр Бейсенбаев 2029 жылға дейін халықтың табысын арттыру – маңызды екені тоқталды.Елнұр БЕЙСЕНБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Біздің "AMANAT" партиясының бағдарламасының 205 пунктінің 100 пункті тұрғындардың табысын арттыруға бағытталған. Яғни, халықтың табысын арттырмай, олардың күнделікті жейтін азық-түлікке жететін қаражатын бір дұрыс бағытқа бағыттамай, біз ортақ жеңіске жете алмайтынымыз айдан анық. Сол себепті Үкімет мүшелеріне осы күзгі уақытқа дейін осы бағдарламаға тағы да қандай көрсеткіштерді енгізуге болатынын, қаржы мәселелерін пысықтауды тапсырамыз.