"Халық жалақысының 90 пайызын азық-түлікке жұмсайды", - экономист

Астаналықтардың шығыны көп. Бұл -Ұлттық статистика бюросының мәліметі. Былтыр бір елордалық тоқсанына 360 мың теңгеден көп қаржы жұмсаған. Жыл сайын бұл көрсеткіш артып келеді, дейді мамандар. Жалпы, қазір халық жалақысының көбін қайда жұмсайды? Бұл сауалға тілшіміз жауап іздеп көрді.Динара ЖАҚСЫБАЙҚЫЗЫ, ТІЛШІ: Бүгін жалақым түсті. Ақшаны орнымен жаратуым керек. Ішпесем де, жемесем да несиені бірінші төлейін. Ал мынау коммуналдық қызметке, мынау майда-шүйде қарыздарға кетеді. Қалған 20 мыңды айдың соңына дейін жеткізу қажет. Азық-түлікті бөліп төлеуге алармын. Жұрт осылай күн көріп жатыр. Тапқан-таянғаны күнделікті ішіп-жеуінен артылмайды. Несиесі мен жалдамалы пәтерінің ақысын әупірім деп төлеп, одан артылса той-томалағы мен өлім-жітіміне 5-10 мыңын қыстырып барады. Қазір көп отбасының жағдайы білімін шыңдауға, шетел аралап қыдыруға жете бермейді. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Сол квартираға кетеді. Артылғанына ішіп-жейміз. Тамақ, сонымен ғана кетеді. - Сол зарплата аламыз, бәрін продуктыға жұмсаймыз, почти. - Кредиттеріміз бар, ипотека, соған кетеді основной. - Тамаққа, басқа не болады. Киім керек емес, бәрі бар. Тамаққа, немерелеріме. Мамандар елімізде инфляция толқындарының тым жоғары болуы халықтың қалтасын жұқартып тұрғанын айтады. Айлығы шайлығынан аспайтын халық қазір ақша жинамақ түгілі, тамағын несиеге алып жүр. Бауыржан ЫСҚАҚ, ЭКОНОМИСТ: Жалақыларының 90 пайызын азық-түлікке жұмсайды деп айтуға толық негіз бар. Жалпы әлемдік стандартта халық егерде ақшасының 50 пайыздан астамын күнделікті тұрмыс-тіршілігіне қажетті тауарларға жұмсайтын болса, ол мемлекетті кедей деп айтуға болады екен. Халықтың жағдайын көтеру үшін біз халықтың қалтасынан шығатын қаражаттарға кететін шығандарды алдын ала азайтуымыз керек. Қазақстандықтар ақшасының көп бөлігін азық-түлікке жұмсайды. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, былтыр бір адамның шығыны 277 202 теңге немесе айына 92 400 теңге болған. Сондай-ақ бір қазақстандық азық-түлік пен алкогольсіз сусындардарға 129 953 теңге, сырттан тамақтануға – 6070 теңге, алкогольдік сусындарға – 1766 теңге, темекі өнімдеріне – 3970 теңге төлеген. Бір адам тоқсанына 14 819 теңгені несие мен қарызды өтеуге, 5362 теңгені алиментке, 334 теңгені салық пен басқа да төлемдерге жаратқан. Ақша жұмсаудан Астана халқы бірінші орында тұрса, екінші орында алматылықтар. Ал Қарағанды облысы үштікті қорытындылайды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ақтөбедегі әскери бөлімдердің бірінде сарбаз қаза тапты
Жетісу облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды
Каканың бастауымен жас футзалшылар Түркістанда жиын өткізеді
Теннисші Жібек Құламбаева Португалиядағы турнирде жеңіске жетті
Nature Human Behaviour: Интернет қарт адамдарға оң әсер етеді
2025 жылы әлемдегі аштықпен күресуге 17 миллиард доллар қажет
Итальяндық радиостанция апта сайын Димаш Құдайбергенге хабар арнайды
Галактикалардың соқтығысуынан туындаған дыбыс толқыны Жерге жетті
Мектепте ұялы телефон қолдануға шектеу енгізген елдер қатары артып келеді
Адамның мінезі оның ғұмырының ұзақтығына әсер етеді
Белгілі «Яшлык» ансамблі 50 жылдық мерейтойын атап өтті
Астана аспанында жойғыш ұшақтар ұшып өтті (ВИДЕО)
Қазақстанда ең арзан пәтерлер қай қалада?
Абай облысында 15 тонна шөп өртеніп кетті
Жылыту маусымы: Шымкентте қауіпсіздік шаралары күшейтілді
Павлодарда он күн бұрын жоғалған әйел табылды
Серік Сәпиев Қарағанды облысының спорт басқармасын басқарады
Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығына орай мерейтойлық марафон басталды
Павлодарда 10 күн бұрын жоғалған әйел табылды
Қазнетте ашуға мінген бұланның аңшыға шабуыл жасаған сәті түсірілген видео тарады
Астанада бірнеше жойғыш ұшақтың ұшқан сәті видеоға түсіп қалды: 24 қараша 2024, 17:47 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Қарулы күштерде әскери ант қабылдау рәсімдері өтіп жатыр
«Астана» мен «Челси» арасындағы ойынның билеттері сатылымға шығады
Қарулы күштерде әскери ант қабылдау рәсімдері өтуде