«Халық несие қамытын киіп отыр», - Е. Қошанов

«Халық несие қамытын киіп отыр», - Е. Қошанов

Кредитті күліп алып, жылап қайтарады. Қайтарады дейміз-ау, берешегін өтей алмай жүргендер екі миллионға жуықтады. Айлыққа дейін ақша беретін қаржы ұйымдары жығылғанға жұдырық болып тұр. Тығырыққа тірелгендерді қарызға белшеден батыруда. Тіпті бір басында 20-дан астам кредиті барлар кездеседі. Табысына қалай қарамаған? Жауаптылар бұған не дейді? Әріптесім Ақбота Базарбай тарқатып айтады.Қазір халықтың 84 процентінде, яғни 8 жарым миллион адамның басында қарызы бар. Банктерден шектеусіз кредит алып, қарызға белшесінен батып отырғандар жетерлік. Кейінгі бір жарым жылда бұл көрсеткіш тіпті 27 процентке артқан. Бірі жоқтықтан алса, бірі несиеге тәуелділігі мен қаржылық сауатының төмендігінен алады. Бұл үлкен әлеуметтік проблемаға айналды дейді Мәжіліс төрағасы. Ерлан ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Жасыратыны жоқ, қазір банктерден шектеусіз кредит алып, қарызға белшесінен батып отырған азаматтарымыз көп. «Халық несие қамытын киіп отыр» десе де болады. Адамдардың несиеге тәуелділігі мен қаржылық сауатының төмендігі үлкен әлеуметтік проблемаға айналды. Кредит алу қиын емес. Талабы да жеңіл. Жасөспірімдердің өзі несие рәсімдей алады. Смартфон мен интернет болса жеткілікті. Ерлан ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Бұл жаста қаржылық жауапкершілікке бола ма? Соның салдарынан ол несиелерді кейін олардың ата-аналары мен ата-әжесі төлейді. Адамдар ойланбастан несие ала бастады. Кейде мүлдем қажет емес нәрселер үшін алып жатады. Екі немесе одан да көп несие алу әдеттегі тәжірибеге айналды. Сосын бұл құлдықтан әйтеуір құтылу үшін, бұрынғысын жабу үшін, жаңадан несие алу үшін банктерге қайта-қайта жүгінуге мәжбүр. Қарызға белшеден батып, тығырықтан шығудың жолын таба алмай қалатындар көп. Халықтың шектен тыс қарызға батуы қайғылы жағдайға әкеп соғуда. Биыл несиесі бар 12 азамат өз-өзіне қол салған. Игорь ЛЕПЕХА, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Несиесі бар 40 азамат несиесін жабатын ақша «табу» мақсатында түрлі қылмыс: қарақшылық шабуыл, тонау мен ұрлық жасаған. Әрине, оларды ақтамаймыз, заң алдында тиісті жазасын алады. Дегенмен, ойланатын жайт. Шектеу болмаса шектен шығып барады. Енді тұрақты табысы жоқ 21 жасқа толмағандарға несие берілмеуі мүмкін. Жалақыға дейін жан бағайық деп онлайн займ алатындар аз емес. Олардың қызметін қолданатындар миллионнан асады. Қарызды қарызбен жауып мәселе шешілмейтіні анық. Сондықтан жаңбырдан кейінгі саңырау құлақтай көбейіп жатқан "жалақыға дейін" микронесие беру тоқталуы мүмкін. Мәдина ӘБІЛҚАСЫМОВА, ҚР ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН РЕТТЕУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ АГЕНТТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Біз шағын несиелердің арнайы түрлерін, яғни жалақы төленетін несиелерді толығымен жою туралы бастаманы ұсынып отырмыз. Бұл несиелер қазір 45 күнге дейінгі мерзімге беріледі, оларда 15-20% жоғары мөлшерлеме бар. Біз бұл ережені 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ұсынып отырмыз. Берік БЕЙСЕНҒАЛИЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Халыққа кредит берудегі ахуалды заңнамалық тұрғыда жетілдіру бойынша жұмысты бастадық. Бүгінгі Парламенттік тыңдаудың нәтижесі бойынша банктер, микроқаржы ұйымдары мен коллекторлық агенттіктердің қызметін реттеу және жеке тұлғалардың банкроттығы мен алаяқтыққа қарсы іс-қимыл саласында түзетулер қалыптастырылып, заң жобасына бастамашылық жасалатыны сөзсіз. Берешегін өтей алмай қиналып жүргендерге "Қарызсыз қоғам" жобасы көмектесуде. "AMANAT" партиясының бастамасымен Мемлекет басшысы қолдады. Жобаның ауқымы кеңейтіліп жатыр. Ерлан ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Бұл бағдарлама қысқа уақыттың ішінде тиімділігін көрсетті. Президент те өз Жолдауында «Қарызсыз қоғам» жобасына ерекше тоқталып, жалпыхалықтық бағдарламаға айналдыру керектігін айтты. Қазір бұл жоба Үкіметпен, құзырлы органдармен және жергілікті әкімдіктермен бірге бүкіл ел бойынша іске асырыла бастады. Бүгінгі таңда 52 000 адам оқытылды. Түркістандық Мөлдір Тұрысбекова қарызға белшесінен батқан. Бір басында 4 кредиті бар. Көп балалы ана "қарызсыз қоғам" жобасына қатысты. Заң бойынша несиесін қайта құрымдады. Шамасы жететін бағаны белгіледі. Қазір кесте бойынша берешегін төлеп жатыр. Мөлдір ТҰРЫСБЕКОВА, "ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ" БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫСЫ: Айлығым 131 мың теңге, ал несие 250 мың теңге. Әріптестеріме де, ауылдағы дүкенге де қарыздарым көбейіп қалған. Эльдар ЖҰМАҒАЗИЕВ, “AMANAT” ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ: Бүгінгі күнге дейін 52 адамды оқытып үлгердік. Биылғы жылға индикатив 60 мың адамды оқыту. Енді әлеуметтік профилге келетін болсақ қатысқан адамдардың 64,1 пайызы әйел адамдар. 56,9 пайыз көп балалы семьялардың өкілдері. 10,7 пайызы жұмыссыздар, 13 пайызы 60-тан асқан зейнеткерлеріміз Егер жөн-жосықсыз кредит алу азаймайтын болса, мемлекет тарапынан халықтың табысын көтеруге бағытталған шаралардың нәтиже беруі екіталай. Сондықтан Мәжіліс Төрағасы Несие беруге қойылатын талаптарды заңнамалық деңгейде күшейту керектігін айтты. Жеке тұлғаға берілетін кредиттің пайызын төмендету маңызды деді.

Шымкентте екі қабатты кафе өртенді
Шымкентте екі қабатты кафе өртенді
  • el.kz
Атырауда алғаш рет “Есірткіге жол жоқ“ жастар форумы өтті
Атырауда алғаш рет “Есірткіге жол жоқ“ жастар форумы өтті
  • Massaget
Қазақстан Азия чемпионатында қанша пайда тапқаны белгілі болды 
Қазақстан Азия чемпионатында қанша пайда тапқаны белгілі болды 
  • sport12.kz
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Дәрі-дәрмек емдей ме?
  • aqshamnews
Парламент президентке импичмент жариялады
Парламент президентке импичмент жариялады
  • aqshamnews
Футбол алаңынан саясат алаңына
Футбол алаңынан саясат алаңына
  • aqshamnews
«Өлсем, бәрі жеңілдейтін сияқты»: Енесі мен күйеуінен шаршаған танымал блогер мерт болды
«Өлсем, бәрі жеңілдейтін сияқты»: Енесі мен күйеуінен шаршаған танымал блогер мерт болды
  • sn.kz
  Ауа райына байланысты Қарағанды, Павлодар облыстарында жол жабылды
Ауа райына байланысты Қарағанды, Павлодар облыстарында жол жабылды
  • aikyn
Астана Орталық Азияда бірінші болып тұрақты дамудың халықаралық сертификатын алды
Астана Орталық Азияда бірінші болып тұрақты дамудың халықаралық сертификатын алды
  • baq.kz
Павлодардағы «Майқайыңалтын» шахтасында жұмысшы қаза болды
Павлодардағы «Майқайыңалтын» шахтасында жұмысшы қаза болды
  • turkystan
Батыс Қазақстанда жаңа заманауи мектеп қолданысқа берілді
Батыс Қазақстанда жаңа заманауи мектеп қолданысқа берілді
  • baq.kz
ТЖМ цифрлық форматта: ТЖ алдын алудың жаңа мүмкіндіктері
ТЖМ цифрлық форматта: ТЖ алдын алудың жаңа мүмкіндіктері
  • aqshamnews
Түркістандық телеарна түркиямен бірлескен тележоба дайындамақ
Түркістандық телеарна түркиямен бірлескен тележоба дайындамақ
  • el.kz
Өскеменде бір ай бұрын жоғалып кеткен 18 жастағы қыз өлі табылды
Өскеменде бір ай бұрын жоғалып кеткен 18 жастағы қыз өлі табылды
  • Massaget
Ұялы байланыс операторы тарифтерінің қымбаттауы: Шешім қандай
Ұялы байланыс операторы тарифтерінің қымбаттауы: Шешім қандай
  • sn.kz
2027 жылы бокстан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
2027 жылы бокстан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
  • aqshamnews
  Енесі мен күйеуінен қорлық көрген танымал блогер 8-қабаттан секіріп көз жұмды
Енесі мен күйеуінен қорлық көрген танымал блогер 8-қабаттан секіріп көз жұмды
  • aikyn
Екі облыста жол жабылды
Екі облыста жол жабылды
  • baq.kz
Төтеншеліктер балық аулау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін ескертті
Төтеншеліктер балық аулау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін ескертті
  • el.kz
Жексенбіде елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады
Жексенбіде елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады
  • baq.kz
Бірқатар шенеунікке нашар жол үшін 16 миллион теңге айыппұл салынды
Бірқатар шенеунікке нашар жол үшін 16 миллион теңге айыппұл салынды
  • Massaget
Республикалық жас пианистер байқауының жеңімпаздары анықталды
Республикалық жас пианистер байқауының жеңімпаздары анықталды
  • el.kz
«Майқайыңалтын» кенішінде жұмысшы қаза тапты
«Майқайыңалтын» кенішінде жұмысшы қаза тапты
  • sn.kz
  Садриддин Ахмедов АҚШ-та жеңіске жеткеннен кейін марқұм Шерзат Болат туралы айтты
Садриддин Ахмедов АҚШ-та жеңіске жеткеннен кейін марқұм Шерзат Болат туралы айтты
  • aikyn
Магический разбор выходных
Магический разбор выходных
  • Smi24
Қазақстан құрамасы жаңа рекорд орнатты
Қазақстан құрамасы жаңа рекорд орнатты
  • el.kz
Аббосбек Файзуллаев жыл ойыншысы атанды
Аббосбек Файзуллаев жыл ойыншысы атанды
  • penalty
Сауд Арабиясы лигасындағы ойыншылардың бағасы құлдырады
Сауд Арабиясы лигасындағы ойыншылардың бағасы құлдырады
  • penalty
Грузияда бұрынғы футболшы президент атанды
Грузияда бұрынғы футболшы президент атанды
  • sn.kz
Дзюдодағы "юко" ұпайы қайтарылады
Дзюдодағы "юко" ұпайы қайтарылады
  • penalty
Боксшы Садриддин Ахмедов АҚШ-та жарқын жеңіске жетті (ВИДЕО)
Боксшы Садриддин Ахмедов АҚШ-та жарқын жеңіске жетті (ВИДЕО)
  • penalty
Президент бюджеттік түзетулерді бекітті
Президент бюджеттік түзетулерді бекітті
  • turkystan
Тоқаев Қазақстанның 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы Заңға қол қойды: 14 желтоқсан 2024, 12:32 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Тоқаев Қазақстанның 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы Заңға қол қойды: 14 желтоқсан 2024, 12:32 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Елде полиция күшейтілген режимге көшті: 14 желтоқсан 2024, 10:54 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Елде полиция күшейтілген режимге көшті: 14 желтоқсан 2024, 10:54 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Тоқаев энергетиктерді марапаттады: 13 желтоқсан 2024, 15:36 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Тоқаев энергетиктерді марапаттады: 13 желтоқсан 2024, 15:36 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Президент әкесі Кемел Тоқаев атындағы мектепке барды: 13 желтоқсан 2024, 13:13 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Президент әкесі Кемел Тоқаев атындағы мектепке барды: 13 желтоқсан 2024, 13:13 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Қазақстанда мереке күндері қарсаңында қосымша рейстер ашылады: тізім: 13 желтоқсан 2024, 10:06 - жаңалықтар Tengritravel.kz
Қазақстанда мереке күндері қарсаңында қосымша рейстер ашылады: тізім: 13 желтоқсан 2024, 10:06 - жаңалықтар Tengritravel.kz
  • TengriNews
Instagram-да қазақстандық музыка жоғалып кетті: Әділет министрлігі мен Meta келіссөздері: 06 желтоқсан 2024, 15:15 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Instagram-да қазақстандық музыка жоғалып кетті: Әділет министрлігі мен Meta келіссөздері: 06 желтоқсан 2024, 15:15 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Қазақстандағы ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу: не белгілі?: 04 желтоқсан 2024, 14:51 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Қазақстандағы ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу: не белгілі?: 04 желтоқсан 2024, 14:51 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
+7 (000). Қазақстан мен Ресей келісімге қол қойды: 28 қараша 2024, 12:32 - мақалалар Tengrinews.kz
+7 (000). Қазақстан мен Ресей келісімге қол қойды: 28 қараша 2024, 12:32 - мақалалар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Майкл Джексонның жария етілмеген 12 әні жазылған кассеталар табылды
Майкл Джексонның жария етілмеген 12 әні жазылған кассеталар табылды
  • sn.kz
«25 жылдан бері күресіп келемін»: Баян Алагөзова дертті болғанын айтты (ВИДЕО)
«25 жылдан бері күресіп келемін»: Баян Алагөзова дертті болғанын айтты (ВИДЕО)
  • sn.kz
Семейде Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткіші ашылды
Семейде Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткіші ашылды
  • el.kz
«Ақшаға таласыпты»: Сырым Исабаев Қайрат Нұртас туралы шындықты жайып салды
«Ақшаға таласыпты»: Сырым Исабаев Қайрат Нұртас туралы шындықты жайып салды
  • sn.kz
Екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
  • turkystan
Майкл Джексонның жария етілмеген 12 әні жазылған кассеталар табылды
Майкл Джексонның жария етілмеген 12 әні жазылған кассеталар табылды
  • turkystan
Өскеменде бір ай бұрын жоғалып кеткен 18 жастағы қыз өлі күйінде табылды
Өскеменде бір ай бұрын жоғалып кеткен 18 жастағы қыз өлі күйінде табылды
  • turkystan
Қоғамға пайдалы стартап жобаларды  қолға алғым келеді – шығыстанушы Сана Тайпанова
Қоғамға пайдалы стартап жобаларды қолға алғым келеді – шығыстанушы Сана Тайпанова
  • baq.kz