Қазақстан халық партиясының республикалық үгіт-насихат штабы Алматы облысына барды. Саяси науқан басталғалы облыста 200-жуық кездесу ұйымдастырыпты.Кезекті кездесу 74 мың халық саны бар Қонаев қаласындағы көпсалалы ауруханада өтті. Мұнда ересектер мен балалар және перзентхана бөлімі бар. Сондай-ақ, жергілікті емхана да осы мекеме базасында жұмыс істейді. Кандидаттар мекеменің қазіргі жай-күйімен танысып, ұжымымен кездесті. Бүгінде 600 қызметкер еңбек етеді. Қоғамдық ұйым мүшелері дәрігерлерге өздерінің тұғырнамасын түсіндіріп, тілектерін тыңдады. Юрий ШИЛЛИНГ, «ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫ» ҚБ МҮШЕСІ: Біз түрлі еңбек ұжымымен кездестік. Өңірде өндіріс жақсы дамыған. Сол зауыттарда да болдық. Облыс орталығын жаңғырту мәселелері бойынша сайлаушылармен өзара пікір алмасудамыз.