2024 жылы 17 мамырда Өзбекстанның Науаи қаласында өткен Әйтеке бидің 380 жылдығына арналған халықаралық айтыста қазақ ақыны Мұхтар Ниязов бас жүлде иеленді.Халықаралық айтысқа Өзбекстан, Қырғыз Республикасы, Моңғолия және Қазақстаннан 10 ақын келіп, олардың алтауы еліміздің намысын қорғады.Сүйінші хабармен Қызылорда облысы мәдениет басқармасы әлеуметтік желіде бөлісті. Мұхтар Ниязов үш дүркін "Алтын домбыра" иегері екенін айта кетелік. Бүгіндері ол Бекежанов атындағы облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрының басшысы қызметін атқарады.