Халықаралық көлік-логистикасын дамыту Еуразиялық экономикалық одақ үшін аса қажет. Саясаттанушы Ғазиз Әбішев осылай деді. Оның айтуынша, қазір еуразиялық кеңістікте көршілермен дос болу маңызды. Сыйлы қатынас ел экономикасына үлкен серпін берері сөзсіз дейді.Ғазиз ӘБІШЕВ, САЯСАТТАНУШЫ: Иә, біз үшін өте маңызды. Президент айтқан қазіргі кезде логистика бұл өте экономиканың бір маңызды бөлігі. Сол логистикада көп ақша табуға болады деген сөз. Сондықтан Еуропаға Қытайға жолдар Қазақстан арқылы жүріп жатыр. Сондықтан бізге логистиканы дамыту қажет деп айтып жатыр. Президент Еуразиялық экономикалық форумның пленарлық отырысында Қазақстанның өз ұстанымын жеткізді. Одақ елдер арасындағы маңызды факторларға тоқталып, экономикалық маңызын айтты. Форумның негізгі мақсаты да осы дейді, сарапшылар. Айдар ӘМРЕБАЕВ, САЯСАТТАНУШЫ: Көлік-логистика жүйесі, қаржылық жүйе болсын, экономикалық сауда-саттық болсын, барлық жерде Президент әрқашанда әрбір қайда барса да осы ең бірінші ұстаным, біздің экономикамызды сақтап қалу, жерімізді, тәуелсіздігімізді сақтап қалу , осы мәселелер еліміздің сыртқы саясатының басты принциптері осы.