Халықаралық Түріксой ұйымы көмек көрсетуде

Анадолы елінде зілзаладан зардап шеккендерге Халықаралық Түріксой ұйымы да көмектесуде. Арнайы шатыр тігіп, үй-күйсіз қалғандарды орналастырмақ. Жылы киім, ас-ауқатпен қамтамасыз етеді. Газиантеп қаласындағы жағдайды Қазақстанның Халықаралық Түрксой ұйымындағы өкілі Бақытжан Омар баяндап береді.Бақытжан ОМАР, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРІКСОЙ ҰЙЫМЫНДАҒЫ ӨКІЛІ: Біз қазір Газиантеп қаласындамыз. Зілзаладан ең көп зардап шеккен аймақтардың бірі. Бұл жақта да 400-ден астам ғимарат қираған. Бір қаланың өзінде, әрине адам шығыны тағы бар. Халықаралық Түріксой ұйымының ұжымы болып біз таңертең осы Газиантеп қаласына жеттік. Қазір Бекет деген аудандамыз. Міне, артыма қарасаңыздар мына үйлердің бәрінде, тұрғындары сақтық шараларына байланысты үйлерін тастап көше кезіп жүр. Түріксой ұйымының ұжымы болып, волонтерлер бар. Міне, мынадай шатырлар құрып жатырмыз қазір. Азанда басталған шара кешке дейін бітеді. Жалпы 450 шатыр құру жоспарымызда бар. Жалпы қаладағы ахуал бір қалыпты. Үйінділердің астында адамдар әлі жатыр дейді. Осы сала мамандары, құтқарушылардың айтуы бойынша. Енді жалпы, алапат зілзаладан кейін күнде бірнеше рет дүмпулер болып жатыр. Қатты емес әрине. 3-4, әрі кетсе 5 балл шамасында. Халықта әлі үйрей бар. Осы Газиантеп қаласында бір айта кетерлігі Қазақстаннан келген алғашқы құтқару тобы және дәрігерлеріміз осында күні-түні жұмыс істеп жатыр. Түрік ағайындарымызға көмектесіп жатыр. Бізде Түріксой ұйымы болып біраз көмек көрсетіп жатырмыз. Яғни тұрғындарға қажетті нан, су, балаларға қажетті киімдер, жылы киімдер, көрпелер, жастықтар әкеліп жатырмыз. Тек қана біздің ұйымнан емес, жалпы бүкіл әлімнен мұндай көмектер түсіп жатыр. Билік өкілдерінің айтуынша, жағдай қашан тұрақталары белгісіз. Б. Сатуов

Читать источник astanatv.kz/kz/
Отшашуды қай жерде қолдануға болмайды
Күрестен Таразда өткен халықаралық турнир жеңімпаздары анықталды
Қазақстандықтар 2025 жылы қаңтарда неше күн демалады?
Қазақстандық поездарда интернет 2025 жылы басталады
Күн күрт суытады
Шырша бар, бірақ оны орнатуға қаражат жоқ – қызықты деректер
Қалай eGov Mobile қосымшасы арқылы газға қосылу үшін өтініш беруге болады?
«Ауылымнан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы болғым келеді» – Алматыда AUYL SPORT-2024 республикалық турнирі өз мәресіне жетті
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
ТЖМ құтқарушысы Alash Pride лигасының чемпионы атанды
Астана тұрғыны танысынан кек аламын деп басы дауға қалды
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
МАЭК-те жұмысшы қаза тапты
Алматыда ескі жылу құбыры жарылды
«Біз монополист емеспіз»
Тағы бір креативті хаб Ұлытау облысында ашылды
Ақтаудағы кәсіпорында жұмысшы қаза тапты: қылмыстық іс қозғалды
Атырауда сүт әкелуге кеткен оқушы табылмай жатыр
Астанада ата-аналар үшін ашық есік күні өтеді
Астанада ата-аналар үшін ашық есік күні өтеді
«Өліп кетуі мүмкін еді»: Дәрігер биіктен құлаған мұғалімнің қандай жарақат алғанын айтты
2024 жылы өңірлер спортқа ₸123 млрд-тан астам жұмсады