Халықаралық Түріксой ұйымы көмек көрсетуде

Анадолы елінде зілзаладан зардап шеккендерге Халықаралық Түріксой ұйымы да көмектесуде. Арнайы шатыр тігіп, үй-күйсіз қалғандарды орналастырмақ. Жылы киім, ас-ауқатпен қамтамасыз етеді. Газиантеп қаласындағы жағдайды Қазақстанның Халықаралық Түрксой ұйымындағы өкілі Бақытжан Омар баяндап береді.Бақытжан ОМАР, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРІКСОЙ ҰЙЫМЫНДАҒЫ ӨКІЛІ: Біз қазір Газиантеп қаласындамыз. Зілзаладан ең көп зардап шеккен аймақтардың бірі. Бұл жақта да 400-ден астам ғимарат қираған. Бір қаланың өзінде, әрине адам шығыны тағы бар. Халықаралық Түріксой ұйымының ұжымы болып біз таңертең осы Газиантеп қаласына жеттік. Қазір Бекет деген аудандамыз. Міне, артыма қарасаңыздар мына үйлердің бәрінде, тұрғындары сақтық шараларына байланысты үйлерін тастап көше кезіп жүр. Түріксой ұйымының ұжымы болып, волонтерлер бар. Міне, мынадай шатырлар құрып жатырмыз қазір. Азанда басталған шара кешке дейін бітеді. Жалпы 450 шатыр құру жоспарымызда бар. Жалпы қаладағы ахуал бір қалыпты. Үйінділердің астында адамдар әлі жатыр дейді. Осы сала мамандары, құтқарушылардың айтуы бойынша. Енді жалпы, алапат зілзаладан кейін күнде бірнеше рет дүмпулер болып жатыр. Қатты емес әрине. 3-4, әрі кетсе 5 балл шамасында. Халықта әлі үйрей бар. Осы Газиантеп қаласында бір айта кетерлігі Қазақстаннан келген алғашқы құтқару тобы және дәрігерлеріміз осында күні-түні жұмыс істеп жатыр. Түрік ағайындарымызға көмектесіп жатыр. Бізде Түріксой ұйымы болып біраз көмек көрсетіп жатырмыз. Яғни тұрғындарға қажетті нан, су, балаларға қажетті киімдер, жылы киімдер, көрпелер, жастықтар әкеліп жатырмыз. Тек қана біздің ұйымнан емес, жалпы бүкіл әлімнен мұндай көмектер түсіп жатыр. Билік өкілдерінің айтуынша, жағдай қашан тұрақталары белгісіз. Б. Сатуов

Читать источник astanatv.kz/kz/
Белгілі қазақстандық театр актрисасы дүниеден озды
Олжас Бектенов Минскіде ЕАЭО елдерінің үкіметтер басшыларымен кездесті
Рудный қаласында кезекте тұрған 21 отбасы үйлі болды
Шығыс Қазақстан облысында студент қыз өз әкесін сотқа берді
Айдан 1000 кг гелий алып келіп 20 млрд доллар пайда табуға болады
Әнші Тоқтар Серіковтің сұхбатынан кейін ер адам анасын қарттар үйінен алып кеткен
Абай облысында 30 жастағы қызды өлтірді деген күдікпен анасы қамауға алынды
Павлодарда бала ойын алаңындағы металл сақинаға қысылып қалды
Жетісу футбол клубының директоры ұсталды
Футбол федерациясы ұлттық құраманың жаңа бас бапкерінің жалақысына қатысты түсінік берді
Кентаулық оқушы ҰБТ-дан ең жоғары балл жинады
"Бірге жыладық қой". Блогер Ақерке Мелдехан әкесіне күтпеген сыйлық жасады
Павлодарда ойын алаңында бала темірге қысылып қалды
Абай облысында 30 жастағы әйел өлі табылды: туған анасы қамауға алынды
15 млрд текше метрге артық: Қазақстанның су қоймаларына 75 млрд текше метр су жиналды
Еліміздегі су қоймаларында қазіргі жағдай қай деңгейде
Есірткі қылмысының алдын алатын digital-карта іске қосылды
Әнші Ерболат Ержанбаев өзінен 18 жас үлкен Шахизадамен қарым-қатынасы туралы құпияны айтты
Димаш Құдайберген Түркиядағы концерттен кейінгі әсерімен бөлісті (ВИДЕО)
Қабанбай батыр мен Орынбор көшесінің қиылысы жөндеу жұмысына байланысты жабылады
Павлодарда бала металл сақинада тұрып қалды
Олжас Бектенов Минскіде ЕАЭО елдерінің үкіметтер басшыларымен кездесті
«Бұл балабақша емес, армия»: Қазнетті шулатқан сарбаздың видеосына қатысты анасы пікір білдірді (ВИДЕО)
Жезқазғанда академик Қаныш Сәтбаев алаңы ашылды