Халықтың 5 жыл төленбеген кредиттері кешіріліп жатқаны рас па?

Әлеуметтік желіде әйел кредиттер кешіріліп жатқанын айтатын видео тарады. Massaget.kz тілшісі бұл ақпарат қаншалық шын екенін анықтау мақсатында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жүгінді.Желідегі видео "Кәсіп қолдау" атты парақшаның атынан жарияланып жатыр."2019-2022 жылғы кредиттер кешіріледі. Микро қаржы ұйымдары осы үш жыл аралықта алынған кредиттерді кешіріп беріп жатыр. Микро қаржы ұйымдарына KMF, Freedom, Сәлем банктері кіреді. "Олар не себепті кешіріп жатыр?" деген сұрақ туындайтын болса, оларды салықтан үш жылға босатқан. Сол себепті кешірім беріп жатыр. Егер білікті маманнан, заңгерден кеңес алғыларыңыз келсе, консультация алып, осы банктердегі проблемаларыңыз шешсеңіздер болады", - дейді видеода әйел.Сонымен қатар, тағы бір видеода 5 жыл төленбеген кредиттер де кешірілетінін айтады.Ал Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі өкілдері бұл ақпарат өтірік екенін мәлімдеді."Бұл видеолардағы ақпарат шындыққа жанаспайды. Заңнамаларда микро қаржы ұйымдары арқылы алынған кредиттер кешірілетіні туралы ақпарат жоқ", - деп жазылған ведомствоның Massaget.kz-ке жауабында.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Нұрболханмен бекер соттасыппын»: Ләйлә Сұлтанқызы қандай өкініші бар екенін айтты
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы Президент жанындағы ең жоғарғы ғылыми ұйым мәртебесін алды
Еліміз Мажарстанмен бірнеше салада бірігіп жұмыс істейді
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы Президент жанындағы ең жоғарғы ғылыми ұйым мәртебесін алды
Шымкентте полиция қызметкерлері аса ірі көлемде “синтетика“ тәркіледі
Еліміз Мажарстанмен бірнеше салада бірігіп жұмыс істейді
Жетісу облысында қар құрсауынан бір жүргізуші аман қалды
«Нұрболханмен бекер соттасыппын»: Ләйлә Сұлтанқызы қандай өкініші бар екенін айтты
Желі қолданушылары көкшетаулық полицейдің әрекетіне тәнті болды
Ержан Максим Дубайда өткен конкурста жеңімпаз атанды
Елордада қауіпсіздік қалай қамтамасыз етіледі
Жазушы Мұхтар Мағауиннің жаназасы мен жерлеу рәсімі АҚШ-та өтеді
Энергиялық тиімділік саласындағы ынтымақтастық: Қазақстандағы Dena өкілдерімен кездесу өтті
"37 пайызға дейін су үнемдеу": Министрлік мажарлық препарат сынағын жариялады
Қазақстан құрамасы саблямен семсерлесуден Тунисте өтетін Гран-при кезеңіне қатысады
Батыс Қазақстан облысында бірнеше жол жабылды
БҚО-да құтқарушылар іздестіру-құтқару операциясын сәтті өткізді
Энергетикалық сусынды көп тұтынған қазақ жігітінің аяқ-қолы ісіп кеткен
Мұрат Нұртілеу Мажарстан сыртқы істер министрімен телефон арқылы сөйлесті
Алаяқ Ақтау тұрғындарын 90 млн теңге шығынға батырды
Жамбыл облысында тұрақты діни радикалдар тобының 11 мүшесі ұсталды
Елімізде -27°C-қа дейін күн суытады
Сәтбаев қаласына аспаннан қар емес, күйе жауды
19-қабаттан құлаған жігіт аман қалды