«Халықтың аманатын арқалау – үлкен жауапкершілік», - депутат

Бүгін Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен тағайындалған Сенат депутаттарын ресми тіркеді. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров жаңадан сайланған және тағайындалған 33 сенаторға куәлік пен төсбелгілерін табыстады.Президент Жарлығымен Сенат депутаты болып қайта тағайындалғандар: Жақып Қажманұлы Асанов; Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев, Нұртөре Байтілесұлы Жүсіп, Ләззат Молдабекқызы Қалтаева; Асқар Оразалыұлы Шәкіров, Евгений Андреевич Больгерт, Закиржан Пирмухамедович Кузиев, Нурия Исмагиловна Ниязова, Алишер Гапиржанович Сатвалдиев, Геннадий Геннадиевич Шиповских. Сегізінші мәрте жасақталатын Мәжіліс құрамында Қазақстан халқы Ассамблеясынан 9 өкіл болмайды. Оларға тиесілі мандат саны 5-ке қысқарып Сенатқа берілді. Соның бірі- Геннадий Шиповских. Ол бұған дейін Мәжіліс депутаты болған. Геннадий ШИПОВСКИХ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ: Депутат ретінде бекітілген регламентпен жұмыс істейтін боламыз. Өңірлердің мәселелеріне баса назар аударылады. Мен бұған дейін Парламент Мәжілісінің 6 және 7 шақырылымының депутаты болдым. Мәжілісте жиын-терген тәжірибемді Сенат қабырғасында етене жұмыс істейтін боламын. Орталық Сайлау Комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерманның мәліметінше, Сенатқа 20 депутат сайланды. Оның 17-сі ер адам, 3-і әйел, орташа жасы - 53 жас. Жақып АСАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ: Білген жоқпын, бұл үлкен сенім, мемлекет басшысының сенат депутаттарының бір бөлігі Жарлығымен тағайындалады. Бұл жоғары сенім, бұл үлкен сенім. Сондықтан мен не істеуім керек, әрине бүкіл тәжірибемді, білімімді сол сенімді ақтауға...«Халықтың аманатын арқалау- үлкен жауапкершілік». Жаңа сенатор Бибігүл Жексенбай осылай дейді. Бүгін жаңа сенатор куәлік алып, кеудесіне төсбелгі тақты. Бибігүл Жексенбай Сенат жұмысында үлкен өзгерістер болып жатқанын, оның ішінде жаңа саяси реформаларға Мемлекет басшысының бастамасы аясында өңірлермен байланыс күшейетініне тоқталды. Бибігүл ЖЕКСЕНБАЙ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ: Яғни, өңірдің мәселесі бұрынғыдай назардан тыс қалмайды. Керісінше, көбірек көңіл бөлінеді. Мәслихаттардың да рөлі мен пәрмені күшейді. Олардың тарапынан болатын оң өзгеріс әкелетін жаңа заң жобалары мен ұсыныс-пікірлерін көтеру біздің жоспарда бар. Мәслихат депуттарымен бірлесіп жұмыс істеуге дайынбыз.Ал Сенаттың төрағасы кім болатыны әзірге белгісіз. Заңнамаға сәйкес спикерлікке кандидатураны мемлекет басшысы ұсынады, содан кейін депутаттар дауыс береді. Соңғы шешімді Президент қабылдайды. Ә. Дүкембаева

Читать источник astanatv.kz/kz/
Аса ірі алаяқтық жасады деген күдікті Ресейден экстрадицияланды
Шымкентте молдовалық экспансия: «Жетісу» менсінбеген қорғаушы «Ордабасының» жейдесін киеді
Қазақстанның үш каратэшісі әлем үздіктерінің қатарына енді
“Ордабасыға” бас бапкер тағайындалды
Жемістердің кейбір түрлері қатерлі ісік ауруының өсуіне ықпал етуі мүмкін
Алматыда 1983 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан құбыр ауыстырылды
Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, 2024 жылғы қарашада тұтыну бағалары 0,9% өскен
Жыл қорытындысы: «Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді 
Боран соғып, көктайғақ болады
Түсіп қалған тістердің орнына жаңасын өсіретін дәрі бар
Жыл қорытындысы: «Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондаған адамды біріктірді
Семейде мұғалімдерді шырша безендіруге тартқандар жауапқа тартылады
“Романтика“. БҚО тұрғыны біреудің банк картасын ұрлап, әйеліне гүл алған
Алматы облысында қар көшкіні болуы мүмкін
Өзгенің банк картасын пайдаланған алаяқ ұсталды
Апта басында елімізде валюта бағамы өзгерді
«Жапониядан 600 миллиард қарыз алдық»: Мақсат Толықбай Үкіметтің бюжетті жоспарлай алмай отырғанын айтты (ВИДЕО)
Балқашқа былтырғыдан 4 млрд текше метр артық су жіберілді
“90 жылдардағы бандит“. Атақты продюсер күйеуі жайлы ел білмейтін ақпаратты айтты
Жыл басынан бері әлеуметтік төлемдерге 633,4 млрд теңге төленген
Қазақстан өзбек азаматын Ресейден экстрадициялады
Елордада мұз айдыны мен сырғанақтары бар жаңа қоғамдық кеңістік ашылды
23 желтоқсандағы доллар, еуро және рубльдің бағамы жарияланды
Шырша безендірген мұғалім жарақат алды: Аймағамбетов бақылауды күшейтуді ұсынды