«AMANAT» партиясының өңірлердегі саяси кеңес бюросы сайлауалды бағдарламасын орындау мақсатында жол картасын бекітті. Құжат - аймақтың әлеуметтік, экономикалық жағдайын дақсартуға, түйткілді мәселелерді шешуге бағытталған.Жол картаға бас қаланы дамытудың 4 басым бағыты бойынша 127 іс-шара енгізілген. Бизнес субъектілерін қолдау арқылы халықтың табысын арттыруға басымдық берілген. Партиялықтар әрбір 10 мың тұрғынға кемінде 100 жаңа жұмыс орнын ашуды жоспарлап отыр. Балалар сапалы білім алу үшін 50 мектеп салмақ. Сондай-ақ, жыл сайын жастарға 500 пәтер беріп, спорт алаңдары мен 15 аула клубын ашпақ. Сақтаған СӘДУАҚАСОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Үгіт-насихат уақытында барлық берген өтініштерін, тапсырмаларын осы жол картасына енгізіп, сол жол картасын партиялық бақылауда ұстап, күнделікті бақылап отырамыз. Біздің бастауыш партия ұйымдарымыз бар, белсенді партияластарымыз бар, депутаттарымыз бар. Барлығымыз белсенділік танытып, сайлауалды бағдарламамызды орындаймыз. Шымкентте Жол картасы аясында алдағы бес жылда 5,5 миллион шаршы метр тұрғын үй салынады. Бұдан бөлек 90 мың жұмыс орны ашылып, кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандар саны 230 мың адамнан асады. Осылайша жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,2%-ке дейін төмендейді деп күтілуде. Ел саулығын сақтау бағытында 18 медициналық мекеме, перзентхана және көпбейінді аурухана ашылады. 50 мектеп пен 10 қосымша ғимарат бой көтереді. Сондай-ақ, аманаттықтар қала тұрғындарының 100% таза ауыз суға, сапалы электр энергиясына, табиғи газға қол жеткізуін қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Бахадыр НАРЫМБЕТОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Үкімет тарапынан не істелді, әкімдік тарапынан не істелді және де не істелуі керек екенін, қалай істеліп жатқанын, оның сапасын барлығын Аманат партиясы бақылайтын болады. Осыны біз орындау әрі парыз, әрі міндет. Енді халықтың бізге айтқан аманаты, оны орындап шығу біздің парызымыз деп ойлаймын. Қостанайда алдағы 5 жылда 844,2 миллиард теңгеге 101 инвестициялық жобаны іске асырып, кем дегенде 100 мың жұмыс орнын құру жоспарланып отыр. Аймақтың инфрақұрылымын жақсарту мақсатында шамамен 20 мың отбасы баспанамен қамтамасыз етіледі. 13 жаңа мектеп, 4 балабақша, 27 медициналық мекеме халық игілігіне беріліп, 7 елдімекенді газбен қамтамасыз етіледі. Қырмызы ЖАҢБЫРШИНА, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ: 2023 жылдан бастап 2027 жыға дейінгі партияның сайлаулады бағдарламасында халыққа берген уәдесіне байланысты, сол кісілердің талап-тілектері, барлық өтініштері осы жол картасында қарастырылған. Бұл бағдарламаның бір ерекшелігі халық өзі жасады деп айтуға болады. 1,7 трлн. ақша қарастырылып отыр. Өңірдің экономикалық-әлеуметтік барлық саласына байланысты іс-шаралардың бәрі қарастырылып отыр. Сайлау алдындағы бағдарламаның орындалуына қатаң партиялық және қоғамдық бақылауды қамтамасыз етіп, халықтың игілігі үшін барлығымыз еңбек етуіміз керек,- дейді партиялықтар.