"Ханзада Жумонг" рөлімен танымал актер қазақ кейіпкерін сомдауға дайын екенін мәлімдеді

Жуырда Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёльдің Қазақстанға ресми сапармен келді. Осы сапар аясында екі ел өнерпаздарының гала-концертін "Ханзада Жумонг" рөлімен танымал актер Сон Иль Гук жүргізген болатын. Елімізге екінші рет келген актер ҚазАқпарат тілшісіне сұқбат берді. Қазақстанға екінші рет келген Сон Иль Гук Қазақстаннан алған әсерін айтты."Осыған дейін келгенде де, бұл жолы да уақыт өте тапшы болды. Сондықтан Қазақстан туралы көп мәлімет ала алмадым, өз көзіммен көре алмадым. Бірақ келердің алдында көп ақпарат оқып, мәдениеті мен табиғаты туралы, туристік орындары туралы бірталай іздендім. Алматының іргесіндегі Шымбұлақта шаңғы тепкім келіп еді. Бұл жолы да уақыт кестемнің тығыздығына байланысты ойға алғанымды іске асыра алмай кетіп бара жатқаным өте өкінішті", - деді ол. Бұл ретте актер алдағы уақытта Шымбұлаққа балаларымен бірге турист ретінде келіп, демалуы мүмкін екенін айтты. Сонымен бірге актер Қазақстан мен Корея бірлесіп кино түсірсе қазақ кейіпкерін сомдауға дайын екенін мәлімдеді. "Ондай ұсыныс келсе, мен үшін зор құрмет болатын еді. Біздің мәдениеттеріміз ұқсайтын болғандықтан, ондай рөлді жақсы сомдап шығуға дайын болар едім. Жалғыз проблема тіл кедергісі шығар. Тілдегі алшақтық қиындық туғызбаса, қазақ кейіпкерін ойнау, әсіресе тарихи фильмге түсу менің қолымнан келетін еді деп ойлаймын. Кореяда адам саны көп болғанымен, Қазақстанға қарағанда жері шағын. Бос жер жоқ деуге болады. Қайда барсаң да ғимаратқа толы. Сол үшін бізде тарихи фильмдер түсіретін орын тапшы. Ал мұнда жер кең, сәйкесінше, локация көп. Тау керек пе, орман керек пе, шөл керек пе, көл керек пе – бәрі бар. Соны байқап осындай тарихи фильм түсірсе ғой деген ойға қалдым. Әрине, Қазақстан режисерлерінен ұсыныс алғаным жақсы ғой, бірақ кореялық түсіру тобы Қазақстан жеріне келіп, кино түсірсе қалай болар еді деген оймен кетіп барамын. Бұл – нақты жоспар емес. Осы жолғы сапарда санамда осындай бір ой жылт етті", - деді Сон Иль Гук.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Мазақ еткендей»: Желіде ШҚО-да орнатылған шырша халықтың ашуын туғызды (ВИДЕО)
Қарағанды облысында көліктен 13 қап марихуана тәркіленді
Ескі жылдары шығарылған долларды айырбастау орындары қабылдамай жатыр — Ұлттық банк жауап берді
Пиротехниканың қауіптілігі туралы ТЖМ құтқарушылары айтып берді
Қазақстанда автовокзалдар мен автостанцияларға және жолаушылар тасымалы бойынша талаптар белгіленді
Қытай мен Өзбекстан Қырғызстан арқылы Қазақстанды айналып өтетін теміржол салады
Ескі жылдары шығарылған долларды айырбастау орындары қабылдамай жатыр — Ұлттық банк жауап берді
Қазақстандықтарды зейнетақы жинақтарын жарнамалар арқылы делдалдарға сеніп тапсырмауға шақырды
БЖЗҚ азаматтарды күмәнді делдалдық қызметтерден сақ болуға шақырады
Рикардо Кака: Эмоциясыз жақсы нәтиже көрсету мүмкін емес
Құдайдың ерекше сыйы
Түркияда тікұшақ ауруханаға соғылды
Александр Усик титулдарын қорғап қалды
Жедел жәрдем қызметкері соққыға жығылды
Адам кез-келген қиындықты жеңе алады
«Жаман жолға түспеңдер!»: Cарбаздарын үйіне шығарып салған сержантқа көпшілік риза болды (ВИДЕО)
Қарағанды облысында екі балықшы жоғалып кеткен
Хоккейден жастар құрамасы ірі есеппен жеңіске жетті
“Жеңіске аз қалды“. Сәби сүйе алмай жүрген блогер жаңалығын айтты
"AMANAT" партиясының депутаты өрттен кейін баспанасыз қалған көпбалалы отбасына көмектесті
Оралда жолаушылар автобусы отқа оранды
Железин ауданының 24 отбасына жаңа пәтерлердің кілттері табысталды
Танымал блогер Мысыр пирамидаларын мың сағатқа жалға алды
Оралда автобус өртеніп кете жаздады