«Харассментке қатысты қылмыстық жауапкершілікке тарту қажет», - заңгер

«Харассментке қатысты қылмыстық жауапкершілікке тарту қажет», - заңгер

Әлем бойынша әйелдердің 80 проценті өмірінде бір рет болсын жыныстық бопсалауға тап болады. Адамның намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғып, құқығын бұзатындар көбейіп барады. Ең сорақысы, кей адамдар мұны қалыпты жағдай деп біледі. Харассментке тоқтау бар ма? Психолог мамандар қандай кеңес береді? Ал заң не дейді? Әріптесіміз Мөлдір Жақан әлеуметтік эксперимент істеді.Мөлдір ЖАҚАН, ТІЛШІ: Қазір харассменттің құрбаны болған қыздар саны өте көп. Олар жұмыс орнында, қоғамдық көлікте, тіпті, үйде де жыныстық бопсалауға тап болады. Осыған байланысты біз дәл қазір шағын әлеуметтік эксперимент жасап көреміз. «Харассментке тап болсаң, мені құшақта» деген жазуы бар тақтайшаны қолға алып, көшеге шықтым. Алғашқыда жұрт таң қалып, сенімсіздік танытқандай болды. Алайда, бірте-бірте жанары жасқа толған қыз-келіншектер келе бастады. Сөйтіп, аталған мәселенің көп адамға таныс екенін байқадым. Саябақтың қақ ортасында тұрған мені көріп, қызық үшін құшақ жая жүгіріп келген кішкентайлар да болды. Мөлдір ЖАҚАН, ТІЛШІ: Қандай да бір зорлыққа не бопсалауға тап болғандар үшін арнайы бекітілген халықаралық көмек сұрайтын белгі бар. Ол үшін қолыңызды көтеріп, бас бармағыңызды алақаныңызға қысасыз, сосын қалған 4 саусағыңызды бүгесіз. Тұрғындар бұл белгі туралы біле ме екен? Тексеріп көрейік. Қасымдағы жігіттің мені қолымнан жұлқылап, сүйреп келе жатқанын көріп, арашалап қалғысы келген мейірімді жандарың көп екендігі қуантты. Бірақ көшенің ортасындағы зорлыққа да, менің көмек сұраған белгіме де мән бермеген, көріп тұрса да, көрмеген сынай танытқандар да кездесті. Жалпы харассмент дегеніміз – адамның құқығын таптап, жеке шекарасын бұзу болып табылады. Оның жәбірленушіге рұқсатсыз жанасу, қол тигізу, ізіне түсу, вербалды, кибер харассмент сынды бірнеше түрі бар. Сөзсіз, бұл әр қыздың бойында үрей тудырып, жаңа комплекстерге әкеп соғады. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Әр адамның тәрбиесіне байланысты біріншіден. Әр затты қалыптастыру үшін адамның бойында тәрбие, өнеге, бірінші анасын сыйламаған адам, қыз балаға сондай құрмет көрсетеді. Заң жағынан оны қамту керек шығар. - Қатаң түрде заң шығаруы керек. Бір наказание болу керек. Мысалы, билейтін жерге барсаң да, рұқсатсыз адам келіп, қасына жақындайды мысалы. Ол жағымсыз әрекет. Мен, мысалы, оны қаламайтын шығармын, ұстағанын. Үйге жалғыз қайтуға, түнде жүруге де қорқасың. - Еркінен тыс қыздарға тиісетін ұлдардың психикалық ауытқуы бар деп ойлаймын. Тиісті заң қабылдау керек, бірақ оның пайдасы бола ма, жоқ па, ол да белгісіз. Маған әлеуметтік желіде тұрпайы сөздер жазып жатады. Мән бермегуе тырысамын. Азаматтық белсенділер мен заңгерлер Қазақстанда харассмент жасауға заңды түрде тыйым салуды талап етуде. Қоғамда жиі кездесетін оқиға жайлы нақты статистика да жоқ. Харассменттің бір түрі - жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу. Мұндай заңсыздыққа барғандар Қылмыстық кодекстің 123-бабы бойынша жазаланады. Алайда, іс жүзіне келгенде бұл бап өте сирек қолданылады. Айталық, республикада 1998 жылдан 2018 жылға дейін жыныстық қатынасқа мәжбүрлеудің 87 дерегі ғана тіркелген. Оның өзінде сотқа тек 30 іс жіберіліп, 25 адам сотталған. Бағдат АМАНДОСҰЛЫ, ЗАҢГЕР: Қолданыстағы Қылмыстық Кодексте нәпсілік дәмелену үшін жауаптылық көрсетілмеген. Бұл жерде қылмыстық жауапкершлікке тарту өте қиын болады. Мен ойлаймын, бұл бір үлкен пробел. Ал, мысалы, жұмыс орындарында өзінің қызметін немесе сіздің материалдық жағдайыңызды пайдалана отырып, жыныстық қатынас жасауға мәжбүрлеу әрекеттерін дәлелдейтін фактілер болса, ҚК-тің 123 бабы орын алады. Тікелей сотқа жүгінесіз. Харассментке ұшырағандардың көбі қорқып, үнсіз қалып жатады. Алайда, мәселені түп тамырымен шешу үшін, ол туралы қоғамда ашық айту қажет. «Әр әйел өз құндылығын сезініп, құқығын қорғай алуы тиіс»,- дейді психолог мамандар. Амангелді МЕЙРАМБЕКҰЛЫ, ПСИХОЛОГ: Кез-келген әйел өзін бағалы сезіне алуы керек. Ата-ананың баланың «сен құндысын, сен әлемге керексің, мен сені жақсы көремін» деген сөздер арқылы самооценкасын көтерген кезде бала өзі здоровый болып өседі. И осындай мәселелерде өзін «ұят боп қалады, мені ешкім тыңдамайды, мен айтсам, ұрсып береді» деген секілді өзінің ішіндегі комплекстерін алып тастайды да, проблема шыққан кезде осыны ашық керек жерге айтып беретін болады. Харассмент «ұят боладыға» көнбейді. Жыныстық бопсалаудың арты зорлық-зомбылыққа әкеп соғатынын ұмытпаған жөн.

«Қайрат» алғашқы оқу-жаттығу жиынын Алматыда бастайды
«Қайрат» алғашқы оқу-жаттығу жиынын Алматыда бастайды
  • sport12.kz
Қарағандыда ауа райына байланысты жол жабылды
Қарағандыда ауа райына байланысты жол жабылды
  • el.kz
Президент бюджет туралы заңға қол қойды
Президент бюджет туралы заңға қол қойды
  • el.kz
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Дәрі-дәрмек емдей ме?
  • aqshamnews
Парламент президентке импичмент жариялады
Парламент президентке импичмент жариялады
  • aqshamnews
Футбол алаңынан саясат алаңына
Футбол алаңынан саясат алаңына
  • aqshamnews
Павлодардағы «Майқайыңалтын» шахтасында жұмысшы қаза болды
Павлодардағы «Майқайыңалтын» шахтасында жұмысшы қаза болды
  • turkystan
Батыс Қазақстанда жаңа заманауи мектеп қолданысқа берілді
Батыс Қазақстанда жаңа заманауи мектеп қолданысқа берілді
  • baq.kz
ТЖМ цифрлық форматта: ТЖ алдын алудың жаңа мүмкіндіктері
ТЖМ цифрлық форматта: ТЖ алдын алудың жаңа мүмкіндіктері
  • aqshamnews
Түркістандық телеарна түркиямен бірлескен тележоба дайындамақ
Түркістандық телеарна түркиямен бірлескен тележоба дайындамақ
  • el.kz
Өскеменде бір ай бұрын жоғалып кеткен 18 жастағы қыз өлі табылды
Өскеменде бір ай бұрын жоғалып кеткен 18 жастағы қыз өлі табылды
  • Massaget
Ұялы байланыс операторы тарифтерінің қымбаттауы: Шешім қандай
Ұялы байланыс операторы тарифтерінің қымбаттауы: Шешім қандай
  • sn.kz
2027 жылы бокстан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
2027 жылы бокстан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
  • aqshamnews
  Енесі мен күйеуінен қорлық көрген танымал блогер 8-қабаттан секіріп көз жұмды
Енесі мен күйеуінен қорлық көрген танымал блогер 8-қабаттан секіріп көз жұмды
  • aikyn
Екі облыста жол жабылды
Екі облыста жол жабылды
  • baq.kz
Төтеншеліктер балық аулау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін ескертті
Төтеншеліктер балық аулау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін ескертті
  • el.kz
Жексенбіде елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады
Жексенбіде елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады
  • baq.kz
Бірқатар шенеунікке нашар жол үшін 16 миллион теңге айыппұл салынды
Бірқатар шенеунікке нашар жол үшін 16 миллион теңге айыппұл салынды
  • Massaget
Республикалық жас пианистер байқауының жеңімпаздары анықталды
Республикалық жас пианистер байқауының жеңімпаздары анықталды
  • el.kz
«Майқайыңалтын» кенішінде жұмысшы қаза тапты
«Майқайыңалтын» кенішінде жұмысшы қаза тапты
  • sn.kz
  Садриддин Ахмедов АҚШ-та жеңіске жеткеннен кейін марқұм Шерзат Болат туралы айтты
Садриддин Ахмедов АҚШ-та жеңіске жеткеннен кейін марқұм Шерзат Болат туралы айтты
  • aikyn
Алматыда ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Джанысбек Құсманғалиевке ескерткіш тақта ашылды
Алматыда ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Джанысбек Құсманғалиевке ескерткіш тақта ашылды
  • aqshamnews
Алматыда ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Жанысбек Құсманғалиевке ескерткіш тақта ашылды
Алматыда ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Жанысбек Құсманғалиевке ескерткіш тақта ашылды
  • aqshamnews
«Astana Piano Passion» республикалық жас пианистер байқауының жеңімпаздары анықталды
«Astana Piano Passion» республикалық жас пианистер байқауының жеңімпаздары анықталды
  • baq.kz
Магический разбор выходных
Магический разбор выходных
  • Smi24
Аббосбек Файзуллаев жыл ойыншысы атанды
Аббосбек Файзуллаев жыл ойыншысы атанды
  • penalty
Сауд Арабиясы лигасындағы ойыншылардың бағасы құлдырады
Сауд Арабиясы лигасындағы ойыншылардың бағасы құлдырады
  • penalty
Әйгілі тафгай Дамир Рыспаев депутатпен төбелесті (ВИДЕО)
Әйгілі тафгай Дамир Рыспаев депутатпен төбелесті (ВИДЕО)
  • 1bol.kz
Грузияда бұрынғы футболшы президент атанды
Грузияда бұрынғы футболшы президент атанды
  • sn.kz
Дзюдодағы "юко" ұпайы қайтарылады
Дзюдодағы "юко" ұпайы қайтарылады
  • penalty
Боксшы Садриддин Ахмедов АҚШ-та жарқын жеңіске жетті (ВИДЕО)
Боксшы Садриддин Ахмедов АҚШ-та жарқын жеңіске жетті (ВИДЕО)
  • penalty
Президент бюджеттік түзетулерді бекітті
Президент бюджеттік түзетулерді бекітті
  • turkystan
Тоқаев Қазақстанның 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы Заңға қол қойды: 14 желтоқсан 2024, 12:32 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Тоқаев Қазақстанның 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы Заңға қол қойды: 14 желтоқсан 2024, 12:32 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Елде полиция күшейтілген режимге көшті: 14 желтоқсан 2024, 10:54 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Елде полиция күшейтілген режимге көшті: 14 желтоқсан 2024, 10:54 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Тоқаев энергетиктерді марапаттады: 13 желтоқсан 2024, 15:36 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Тоқаев энергетиктерді марапаттады: 13 желтоқсан 2024, 15:36 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Президент әкесі Кемел Тоқаев атындағы мектепке барды: 13 желтоқсан 2024, 13:13 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Президент әкесі Кемел Тоқаев атындағы мектепке барды: 13 желтоқсан 2024, 13:13 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Қазақстанда мереке күндері қарсаңында қосымша рейстер ашылады: тізім: 13 желтоқсан 2024, 10:06 - жаңалықтар Tengritravel.kz
Қазақстанда мереке күндері қарсаңында қосымша рейстер ашылады: тізім: 13 желтоқсан 2024, 10:06 - жаңалықтар Tengritravel.kz
  • TengriNews
Instagram-да қазақстандық музыка жоғалып кетті: Әділет министрлігі мен Meta келіссөздері: 06 желтоқсан 2024, 15:15 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Instagram-да қазақстандық музыка жоғалып кетті: Әділет министрлігі мен Meta келіссөздері: 06 желтоқсан 2024, 15:15 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Қазақстандағы ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу: не белгілі?: 04 желтоқсан 2024, 14:51 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Қазақстандағы ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу: не белгілі?: 04 желтоқсан 2024, 14:51 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
+7 (000). Қазақстан мен Ресей келісімге қол қойды: 28 қараша 2024, 12:32 - мақалалар Tengrinews.kz
+7 (000). Қазақстан мен Ресей келісімге қол қойды: 28 қараша 2024, 12:32 - мақалалар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Майкл Джексонның жария етілмеген 12 әні жазылған кассеталар табылды
Майкл Джексонның жария етілмеген 12 әні жазылған кассеталар табылды
  • sn.kz
«25 жылдан бері күресіп келемін»: Баян Алагөзова дертті болғанын айтты (ВИДЕО)
«25 жылдан бері күресіп келемін»: Баян Алагөзова дертті болғанын айтты (ВИДЕО)
  • sn.kz
Семейде Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткіші ашылды
Семейде Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткіші ашылды
  • el.kz
«Ақшаға таласыпты»: Сырым Исабаев Қайрат Нұртас туралы шындықты жайып салды
«Ақшаға таласыпты»: Сырым Исабаев Қайрат Нұртас туралы шындықты жайып салды
  • sn.kz
Екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
  • turkystan
Майкл Джексонның жария етілмеген 12 әні жазылған кассеталар табылды
Майкл Джексонның жария етілмеген 12 әні жазылған кассеталар табылды
  • turkystan
Өскеменде бір ай бұрын жоғалып кеткен 18 жастағы қыз өлі күйінде табылды
Өскеменде бір ай бұрын жоғалып кеткен 18 жастағы қыз өлі күйінде табылды
  • turkystan
Қоғамға пайдалы стартап жобаларды  қолға алғым келеді – шығыстанушы Сана Тайпанова
Қоғамға пайдалы стартап жобаларды қолға алғым келеді – шығыстанушы Сана Тайпанова
  • baq.kz